Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет255/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қари 
1
Қожа Мүлкім Аққозы ханымның атынан екі бие сауымдай мезгіл құран 
оқып батасын берген. Ханым садақаға молда, мүрит, қари, бейшараларға он топ 
жібек, барқыт, екі арба өрік, мейіз үлестіріп, құрбандыққа қырық қой, бес ту бие 
сойғызып, өзінің жібек шатырына қайта оралған. Шатырға кіре қалпақтай түскен. 
Жиналған бақсы-балгерлер ханымның қандай кеселменен ауырғанын таба 
алмаған. Сасып қалған Яссының хакімі Мұхамед-Мазит тархан Аққозының атасы 
Әбілқайырға, Аққозының сіңлісін алып отырған Жәнібекке ат шаптырған. Өзі 
сырқаттанып жүргендіктен Әбілқайыр кіші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімді 
жіберген. Жаған өзі келген. Қасымды Жәнібек біреу болмаса біреу қастық істеп 
жүрер деп алып қалған. Жаған жеткенде сұлу Аққозы хал үстінде жатқан. Әлі де 
аққудың көгілдіріндей сұлу Аққозының бір аптаның ішінде табытқа айналғанын 
көріп Жаған солқылдай жылап, апасын құшақтап ағыл-тегіл болған. Осы кезде 
барып Аққозы ең ақырғы күшін жиып, Жағанға өзінің енді бұл дүниенікі емес 
екенін айтып: 
— Бауырым, Жаған, — деген, — о дүниеге өз күнәмды арқалап кеткім 
келмейді. Тек өзіңе ғана айтатын құпия сырым бар. Егер бұл сырымды иманыңдай 
сақтайтын болсаң... 
— Аққозы-ау, о не дегенің? Сенің сырың менің иманым емес пе? — деп Жаған 
солқылдап жылап қоя берген. 
— Менің ажалыма ешкім де айыпты емес, өзім ғана күнәлімін... 
— Қалайша? 
— Өсек сөздің шеті өзіңе де жеткен шығар. Орақ өлді дегеннен кейін ерге 
шықпаймын деп құран ұстап ант еткенімді өзің де білесің. Сол Орақ тірі болып 
шықты. Махаббат шариғаттан да күшті екен, сол Орақпен биыл екі рет кездестім... 
Екі ұлымның бетіне салық болмасын деп, іштегі күнәмды көрсетпеу үшін, бір 
балгерден іш тастатар дәрі алып іштім... 
Аққозы сөйдеген де, Мұхамед пен Махмудты шақыртқан. 
1
Қ а р и — құранды жатқа білетін діни адам. 


275 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет