Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет263/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   316
Әдеби KZ
 
 
арнаулы қара мәрмәр тасынан мазар ойып, құрметтеп жерлепті. Бұл хабарды 
естігенде қас жаулары, әсіресе, Әбілқайыр жерін алып, суын алып, қиянаты көп 
өткен кейбір қазақ ауылдары көкала жылқы құрбан шалып, қуанышқа кенелді. Тек 
Жәнібек хан ғана дүние шіркіннің өткіншектігіне қамығып, үш күн орнынан тұрмай 
жатып алды. Жоқ, Жәнібек Әбілқайыр ханда кеткен кегіне өкінген жоқ. О заманда 
хан кегі — қолға ұстаған алдаспан тәрізді, ыңғайы келсе жауына жұмсалады, ал 
өзіне тиімді болса қынабына қайта салынады. Кейбіреуі сол қынабында жатып тот 
басып, әбден шіриді. Ал енді біреуі анда-санда қынабынан суырылып жауының 
үстінен жарқ-жұрқ ойнап, сес көрсетіп, қайта орнына барып жатар болар. Тек 
зардабы асып кеткенде ғана сол кек-алдаспан қызыл қанға малынуға тиісті. 
Жәнібек пен Әбілқайырдың да кегі осындай кекке айналған. Екі жақтың халқы 
бірдей қызыл қанға малынғанымен, өздері бірін-бірі ажалға қиюдан аулақ еді. Тек 
хандығын тартып алып, жауын тақырға отырғызу ғана — армандары болатын. 
Жоқ, Жәнібек Әбілқайырда кегім кетті деп өкінбеді. Дүние шіркіннің жалған 
екеніне өкінді. Бар өмірін жиһангерлікпен, алыс, жұлыс, ұрыспен өткізген азуы 
алты қарыс, мүйізі шаңырақтай, атақты хан Әбілқайыр ақырында не тапты? Бар 
тапқаны Созақтың қасынан қазылған екі құлаш жер болды! Енді оған үстіне қойған 
мәрмәр тастан, басына жазылған алтын жазудан не пайда? 
«Өлдің, Мамай, қор болдың!» деген міне, осы!.. Қайсымыздың болса да бұл 
жалған дүниеден ақырғы алар еншіміз — осы екі құлаш жер! Атақ, бақ ше? — 
Жәнібек ауыр күрсінді. — Атақ, бақ та қолға салған алтын сақина тәрізді, қанша 
асыл болғанмен түбі тозады. Әбілқайыр түгіл, кеше бүкіл Шығыс еліне үлгі болған 
Қошан патшалығының ұлы патшасы Қанышқаны кім біледі? Ал кезінде бұдан 
атақты, бұдан абыройлы қандай патша болып еді? Жоқ, атақ, бақ деген — қолға 
салған алтын сақина. Тек тірі кезімізде ғана өзгелер көрсін, қызықсын деп 
саусағымыздан алмауға тырысамыз. Ал өлгесін ше? Қай ұрпақты көрдің — 
бабамның мұрасы деп атам заманғы сақинаны көзінің қарашығындай сақтаған? 
Сақтаудың қажеті жоқ шығар. Әр заманның үлгісі өзіне қымбат қой. Атағың да 


283 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет