Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет173/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Ал Ақсақ Темір мен Көк Орда хандарының басқа жұртқа үстемдіктерін жүргізу 
әрекеттері, өздеріне қорқыныш тудыратын елдерден емес, өздері қор- 
қыта алатын елдерді жаулап алудан басталған. Осы екі жақтың ортақ құрбаны ең 
алдымен Дәшті Қыпшақ болған. Ақсақ Темір де өзінің Алтын Ордаға қарсы 
жорығында, ең алдымен жолай қазақтың алғашқы ханы Алашаның балалары 
Мәмет пен Сәметтің ұлыстарын шапқан, өздерін өлтірген. Бертін келе қыз алып, 
қыз берісіп кеткен Ақсақ Темір ұрпақтары мен Дәшті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 
саясаты екеуара бірігіп қатар тұрған Моғолстанды шабу болған. Қасыңның досы — 
о да қасың. Қазақтың көп рулары Моғол, Жағатай ұлыстары жағына шығып 
кеткендіктен, бұл рулар Әбілқайыр хандығы мен Самарқант әмірлігіне қас 
саналатын. Реті келсе оларды ел етіп біріктірмей, бағынышты жағдайда ұстау үшін, 
әлсін-әлсін шабуды саясат еткен. 
Осы саясат әсіресе соңғы кезде Әбілқайыр мен оның күйеу баласы —
Самарқанттың әмірі әбусейіттің кезінде өрши түскен. Бұл мезгілде Моғолстан мен 
Дәшті Қыпшақтың ортасындағы бүкіл Түркістан өлкесі Әбілқайырдың қолында 
тұрған. Моғолстанға жаны қас әбусейіт Әбілқайырдың арқасында осы өлкенің 
Яссы, Сауран, Сайрам, Сығанақ секілді мединелеріне арқа сүйеуге толық 
мүмкіншілік алған-ды. Оның үстіне әбусейіт Жағатай Ордасының ішіне суық қолын 
бөтен жолмен де кіргізуді ойлаған. Жұныс сұлтанның фарсы әйелінен туған қызы 
Сұлтан-Нигар-Бегімді баласы Омар-Шейх мырзаға алып бермек-тін. Мұнда тағы 
саясат бар. Исан-Бұғының орнына өзінің туған құдасы Жұныс сұлтанды отырғызу 
үшін, әрине әбусейіт әскерін аямайды. Жұныстың күшеюі және оның әбусейіт 
жағында болуы — Самарқант әмірінің айбарының ұлғая түсуіне көп жәрдем. 
Соңғы кездері әбусейіттің Әбілқайырдан алыстауы Ақсақ Темір ұрпағы мен 
Жағатай тұқымдарының тізе қоса бастауынан шыққан. Семіздікті тек қой көтереді. 
Атасы Ақсақ Темірдің ауыр тәжінің салмағын ұрпағы әбусейіт көтере алмай жүр. 
Жоқ, олай емес. Әбілқайырға Самарқант әмірлігі құлақ сала берсе, түбі Ақсақ 
Темір хандығынан дым да қалмайды. Бұны әбусейіт жақсы біледі. Осыдан барып 


186 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет