Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет197/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қылышын ала ұмтылса, жолында найзасын төсеп тұрған қазақ елі бар деп сенген. 
Жоқ жерден Түркістанның күнбатыс күнгей жағынан пайда болған жауынгер қазақ 
руларынан расында да әбусейіт пен Жұныс қатты сескеніп қалған. Енді бұл 
елдерді басып Моғолстанға өте алмайтындарын бірден ұққан. Сондықтан олар 
Исан-Бұғыға тікелей апаратын жол іздеген. Желісі алыс, қиын да болса сол жолды 
тапқан. Жұныс пен Омар-Шейх сұлтан Түркістан өлкесінің күншығыс жағымен 
құмайтты, шөлді, кісі түгіл керуен жүрмеген, тек сініш құсы 
1
ғана ұшып өтетін 
сахараларды басып отырып, Іле өзеніне шыққан. Сол Іле өзенінің бойымен Алтын 
Емел тауларын бөктерлей отырып, Жаркент қаласына жеткен. Ал Жаркенттен төте 
жолмен Ақсуға әрі дегенде үш күнде барады. Жауының Жаркентке келіп қалғанын 
Исан-Бұғы білген де жоқ. Ол кенет төсек тартып ауырып қалып, дүние оған енді 
қайта оралмас түске айналған. Тілі күрмеліп бар әлем су қараңғы бола бастаған. 
Тек көз алдына жарық сәуле болып, баяғы бір су перісі тәрізді, кәпір қыз елестей 
берген. Отыз жылдай екеуін бөлген арасындағы тамұқ өмірден енді құтылып, 
жаныңа барам деп кәпір қызға төсегінен әлсін-әлсін қолын жая ұмтылып, тек 
аузына «Федосья» деген соның ғана аты түсе берген. Тілі күрмеліп, құр ерні ғана 
жыбырлап жатқан ханның қасында отырған наип, муфти, ишан, қожа-молдалар
хан даусын естімесе де кімнің атын атап жатқанын түсініп іштерінен «астапыралла, 
астапыралла, хан иеміздің «күнәсынан аулақ ет» деп құдайтағалаға 
жалбарынумен болған. 
Алтын таққа отырып ел билегелі көрінген әмірден, хан, сұлтаннан қауіптеніп 
құса тартқан Исан-Бұғының кәрі жүрегі, қас жауы Жұныстың келіп жетуіне шыдай 
алмады. Бір күндерде бүкіл Моғолстанға қожа болған Исан-Бұғы, төсегіне 
құлағанына бір апта өткен шақта жеті қатыны мен он бес ұл-қызының біреуінің де 
атын атай алмай, тек «Федосья» деп ерні жыбырлап дүние салды. 
Ақсуды шабуға Жаркентте дайындалып жатқан Жұныс сұлтан бұл хабарды 
естісімен кейін шегінуге бел буды. Күйеу баласы Омар-Шейх мырзаның «келіп 
1
С і н і ш қ ұ с ы — шөл құсы. 


212 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет