Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет198/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қалдық қой, қазір олар ұрысқа дайын емес, хан тағын алуыңызға бұдан артық 
мезгіл болмайды, шабайық» дегеніне көнбеді. Ханы өліп, қаралы болып жатқан 
елді шапса, түбі бар халық қарғыс айтып, хан сайламай қоюынан қорықты. Өмір 
бойы арман еткен тағын енді бөтен жолмен алу керек екенін ұқты. Ол атының 
басын кейін бұрды. Демек, бұнысы дұрыс болды. Моғол, Жағатай әмірлерінің 
шешуімен Исан-Бұғының қырқы өтпей, Жұныс сұлтан Моғолстан ханы тағына 
отырды. 
Бүкіл Нарын, Қашқар, Құмнат, Қастек, Сары ұйғыр маңындағы Үйсін, Жалайыр, 
Ұйғыр, Албан елдерінен өзінің бес жүз атты әскеріне бес мың салт атты 
сойылгерлерін қосып, Қытайдың қалың жаяу әскерімен қан майданда үш мәртебе 
кездесіп, ақырында өздерінің шыққан жері — «Қытай қабырғасынан» әрі асыра 
қуып тастап, Шу бойынан әдік Моғолстан шекарасына екі рет барып қайтты. 
Сондай-ақ Ойрат қонтайшысы Амансанджиға «байқа, бұл араның Керей, 
Найманының қорғанышы бар» деп ығай мен сығайдан құрылған бес мың 
әскерімен қыр көрсетіп еріксіз бітімге көндіріп, Қамбар батыр да Ойрат жерінде 
екі рет болған. Осындай жағдайда тек Әбілқайыр жағына сескене қараған Жәнібек 
пен Керей, қазақ хандығының туын көтеріп, енді еркін қимылдай бас- 
тады. 
 
 


213 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
ІІ 
Сырдарияның орта шенінде сол жағасындағы тар алқап пен оң жағасындағы 
өркештене созылған қарт Қаратауды, оңтүстік-күншығысындағы Бадам, Шыршық 
өзендерімен шектесіп жатқан сұрғылт өлкені көне заманнан Түркістан деп атаған. 
Бір жағында Моғолстан, екінші тұсында Мауреннахр, сыртында Дәшті Қыпшақ 
жері. Кейде арпаған, қияқ, қау шөпті, кейде тек сарған ғана өскен құмайт, ал, 
кейде тіпті аппақ сор, тақыр дала болып келетін осы өлкені басар 
1
, қараған, 
тобылғы жапқан ат тағасындай иіріле созылып жатқан қылыш тасты нұра, қыз 
емшекті адыр, төбе, ұшы-қиыры жоқ белестер тілгілеп өткен. Бұл белестер 
негізінде Тарбағатай, Тянь-Шань, Памир, Алтай, Копет-Даг, Гиндукуш тауларынан 
басталды. 
Осы құмды, құмайтты, қылыш тасты, түкті қабақ жартасты, қияқ шөпті, бозаңды 
далада көне заманнан, тіпті Шыңғысхан шабуылынан бұрын көп жылдан бері келе 
жатқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Яссы, Сайрам, Ақрұқ атты көне шаһарлар бар. 
Бұл мединелердің қасына бірнеше уақ қалалар салынған. Мысалы Яссы 
шаһарының қасына Мысырдан келген қожалар туған елдерінің үлгісімен Сунақ, 
Жүйнек, қазақ жерінде алғашқы қорғасын қорытылған, тай еті түгелімен сыятын 
қырық құлағы бар атақты Мысқазан құйылған, дін кіндігі Қарнақ тұрғызылған. 
Сондай-ақ Созақтың жанында Шолақ, Саудакент, Сүткент, Едіге мен Жиренше 
шешен туған Құмкент дихтары орын алған. Бұл қалалар шеті сонау Еділ, Жайық, 
Қара теңіз, Орал тауларына дейін созылған атам заманнан Дәшті Қыпшақ деп 
атаған алып қазақ даласының мәдениет, ғылым, дін ошағы және сауда-саттық 
кіндіктері болған. 
Түркістан мен Дәшті Қыпшақ даласының түйіскен алқабын бауырлай, 
Мойынқұмның күншығыс жағын орап, басын Тянь-Шань тауының құшағындағы 
Ыстықкөл мен Соң көлден алған, мың шақырымдай құмайт шөлді, тақырлы, биік 
жартасты сайларды көктей өтіп, қазақтың атақты арналарының бірі — Шу өзені 
1
Б а с а р — көне түркі тілі, тау жуасы. 


214 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет