227
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
— Шырағым, Жәнібек, бабаң Орысханның ақылы саған қонды ма деп едім,
адаспаған екенмін. Әбілқайырдан айырылғаныңа қарсы болмасам да, Шуға
көшемін дегеніңді ұнатпағам. Енді қанып отырмын, ойың алыста жатыр екен...
Әрине қазақ енді шаһарсыз күн көре алмайды. Бұқардың
мейізі мен Ташкенттің
науаты қазақ сорлының да аузының дәмін енгізгендей. Бірақ Әбілқайыр саған оп-
оңай Түркістанды бере ме? Күшің жетіп тұрып қан төккеннен, күшің жетпей жатып
қан төккеннің күнәсі ауыр.
— Мен қан төгейін деп отырмын ба? Түркістан ата қонысым. Түбі қан төкпей
бітіспейтін болсақ, амалымыз не? Биыл күшім аз, ал келесі жылы...
Енді сөзге Қотан қарт кірісті.
— Оған көзің жете ме? әрі-бері көшіп жүдеген жұрт жаңа тойына бастады ғой.
Ар жағына ел қонған адамды оңай орнынан тұрғыза алмайсың...
— Жау шапқалы тұрса да ма?
Қотан жырау ойлана жауап қайырды.
— Тоқ бала аш болам деп ойлай ма?
Халқының
жайын ақындарымнан білермін, деген үмітінің ақталғанына
Жәнібек іштей риза болды.
— Сендерді босқа шақырмаған екенмін, — деді ол, — жақсы бұл жайды жата-
жастана кеңеселік...
Асан Қайғыға ақ үй тігіліп, үш жырауға арнап
қазысы кере қарыс қысыр бие
сойылды. Сапырылған уыздай сары қымыз судай ақты. Өздерінің ардақты
жырауларын қолдан қолға түсірмей, бір үйден соң бір үй шақырып, ауыл
қазақтары бір апта әңгіме-дүкен құрумен өтті. Дәл осы кезде қазақтың алғашқы өз
ханы Жәнібекке сәлем беремін деп сонау Еділ бойынан
Едігенің немересі Темір
бидің жиені, көмекейінен бұлбұлша сайраған он бес жасар Шалкиіз жырау келді.
Алыстан сапар шеккен аяулы қонақты хан ауылының қыз-бозбаласы ат үстінен
жерге түсірмей көтеріп әкеп, арнап тігілген ақ боз үйге кіргізді. Шаттық үстіне
шаттық ұласты.
228
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: