■
Импульсті жарық терапиясының
құрылғылары да лазер сияқты түк түйіншесіндегі меланинді
көздейтін термальды зақымдау принципіне (яғни, фототермолиз) негізделген. Алайда мұнда тұрақты
толқын ұзындығы емес, әртүрлі ұзындықты, әдетте 500–1200 нм аралығындағы сәуле толқыны
қолданылады.
15
■
Электролиз
немесе электр терапия атауымен белгілі әдіс түк түйіншесіне шағын жіңішке инені салып,
түк түйінін зақымдап соңында бұзатын электр тогының импульсін жіберуге негізделген.
16
Нәтижесінде
түк түбірінде сынып, оны қысқыштармен алу жеңіл болады. Бұл шағын аудандағы түкті кетіруде тиімді.
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Лазерлік терапия мен электролиздің түкті жоюдағы тиімділігі жойылатын
түктің өсу фазасына да байланысты. Екі әдіс те тек анагендік фазада тиімді.
Белсенді өсіп келе жатқан түк түйіншелерін анықтау үшін, процедура
алдында түкті қыру керек. Қырынудан кейін қайта өсетін түктер анагендік
фазада болады және оларға қатысты түкті жою әдістері қолданылуы тиіс.
Барлық түк анагендік фазада болмайтындықтан, жаңа жасушаларды қамту
үшін тіпті ұзақ уақытқа түкті жоятын процедураның өзін қайталауға тура
келеді.
17
Достарыңызбен бөлісу: |