Өнім түрлері, әдеттегі ингредиенттері және түкті жою өнімдерінің жасалуы
Процедураға дейін қолданылатын өнімдер
2
Процедураға дейін қолданылатын өнімдердің түкті жою
техникасына қарай түрлі функциялары болуы мүмкін. Олар түкті барынша оңай әрі ыңғайлы кетіру,
сондай-ақ терінің тітіркенуін азайту үшін арнайы жасалған.
Балауызды қолдануға дайындау өнімдері.
Тазалау өнімдері терідегі кірді, опа-далапты, терді және басқа да
химиялық заттарды кетіру үшін қолдануға болады. Олардың құрамында инфекция түсі мүмкіндігін азайтатын
гамамелис немесе спирттер сияқты антисептикалық және тұтқырлағыш заттар болуы мүмкін. Балауызды
қолдануға дайындау өнімдері, мысалы майлар мен лосьондар қатты балауыздың теріге емес тек түк түйіншесіне
жабысуына көмектеседі. Бұл сондай-ақ терісі құрғақ адамдарға жақсы көмектеседі. Алайда, көп мөлшерде
мұндай өнімдерді қолдану керісінше балауыздың түкке жабысуына кедергі жасауы мүмкін.
28
Осындай
өнімдердің құрамында көбінесе жұмсартатын және тыныштандыратын қасиет беретін соя майы, шай ағашының
майы, жүзім сүйегінің майы және алоэ вера сығындысы сияқты жұмсартатын заттар мен өсімдік сығындылары
болады. Процедура алдында терідегі ылғалды кетіру үшін ұнтақты пайдаланып та балауыздың тиімділігін
арттыруға болады. Олар көбінесе жұмсақ балауызды пайдаланғанда қолданылады. Майларды пайдаланғандай,
ұнтақтарды артық пайдалану балауыздың түкке жабысу қабілетін төмендетуі мүмкін. Дүкендерде балауызды
қолданар алдында жағуға арналған кремдердің түр-түрі бар. Олардың құрамына процедура жасалатын
бөліктегі жүйке талшықтарын уақытша жансыздандыра алатын және тек белгілі бір тері бетінің бөлігіне ғана
әсер ететін бензокаин, тетракаин және лидокаин сияқты жергілікті анестетиктер болады.
29
Достарыңызбен бөлісу: |