Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1064/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1060   1061   1062   1063   1064   1065   1066   1067   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Дем  алған  кезде  жұтылатын  бөлшектерді  (яғни  мөлшері>  10  мкм  төмен 

болатын  бөлшектер)  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  агенттік  (EPA) 

реттейді.

58

 Бұл бөлшектер жүрек пен өкпеге айтарлықтай әсер етуі мүмкін 



және денсаулық үшін елеулі әсер етуі мүмкін. Мұндай бөлшектер құрылыс 

алаңшаларын,  топырақ  жолдарын,  өрістерді,  түтін  құбырларын,  электр 

станцияларын, өндірістік кәсіпорындар мен автомобильдерді қоса алғанда, 

әртүрлі көздерден шығарылуы мүмкін.




499

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Тальк  –  өнімдерде  өзінің  келесі  әмбебап  қасиеттері  арқасында  өте  жиі 

қолданылатын  ақ  ұнтақты  ингредиент:  ол  абразивті,  ылғалды  сіңіп 

алады, тығыздалуға қарсы, бөртіну, күңгірттеу, теріге арналған қорғаныс 

қасиеттері  арқылы  және  тайғақтықты  тұрлендіргіш  ретінде  белгілі.

59

 



Ол  косметиканың  және  жеке  гигиена  құралдарының  барлық  түрлерінде 

қолданылады,  оның  ішінде  бетке  арналған  опалар  мен  қабақ  бояуы, 

макияжға  арналған  аэрозольдік  негіздері,  аэрозольдік  дезодоранттар  мен 

балаларға арналған сеппелер.

абсорбенттерді,  хош  иістерді,  алоэ  сығындысы  сияқты  табиғи  сығындыларды  және  антиоксиданттарды 

қамтуы  мүмкін.  Мырыш  тотығы  өзінің  бактерияларға  қарсы  жұмсақ  қасиеттеріне  байланысты  қосылуы 

мүмкін.

Қазіргі уақытта жүгері крахмал негізіндегі сәбилер сеппелері тальк негізіндегі өнімдерге қатысты бұрын болған 

қауіпсіздік проблемаларына байланысты көп қолданылады. (Қауіпсіздік мәселелері өнімді бағалаған кезде кейінірек 

талқыланады.)



Сәбилерге  арналған  күннен  қорғайтын  құралдар 

Ересек  адамның  және  сәби  терісінің  арасындағы 

құрылымдық және функционалдық айырмашылықтарға байланысты ересектердің терісіне қарағанда, сәбидің 

терісіне ультракүлгін сәуленің енуі тезіреу өтеді, бұл сәбилер терісін күн сәулесіне айтарлықтай осал етеді. 

1935 жылы туған сәбилердің меланома қаупі 1:1500 болғанымен салыстырғанда, жаңа туған нәрестелердің 

ықтималдығы 1:33 арақатынаста болжануда.

60 

Сондықтан күннен қорғау олардың жағдайында өте маңызды. 



Америкалық  Денсаулық  сақтау  ұйымдары  мен  кәсіби  ұйымдардың  мәліметтері  бойынша  6  айдан  кіші 

сәбилерді күннен қорғаудың ең жақсы тәсілі – күннен аулақ болу және олардың денесі мен басын бас киім мен 

киімдермен жабу. Күннің әсерінен сақтануға болмайтын жағдайларда, күннен қорғайтын кремдерді дененің 

ашық бетіне жағу керек.

61

,

62 


Күннен қорғау құралдары пайдаланылғанда, өнімдер UVA және UVB сәулеленуден 

қорғауды қамтамасыз етеді және жоғары күннен қорғау факторын ұсынады.

63

Тиісті қорғау үшін теріге өнімнің жеткілікті мөлшерін жағуды қамтамасыз ету қажет. Көптеген адамдар теріге 



ұсынылатыннан (ересекте үшін терінің 1 см

2 мг) қарағанда күннен қорғайтын кремнің едәуір аз мөлшерін 



жағады. Мұндай жағдайларда осы күннен қорғайтын крем (SPF) мәлімделгендей күннен қорғамауы мүмкін.

64

 



Күннен қорғайтын кремдердің тиімділігін төмендететін басқа бір мәселе – дененің белгілі бір бөліктері дұрыс 

жағылып, кейбір жерлерге жағылмай қалуы мүмкін. Әдетте терінің жағылмай қалған бөліктері: құлақ, шаш 

сызығы, мойын мен табандар.

65

,

66

 Құралды күні бойы қайталап жағу керек, өйткені терлеген және жүзген кезде 



терінің кейбір өнім мөлшерін жоюы мүмкін, бұл оның қорғаныс функциясын төмендетеді (әсіресе бастапқыда 

қолданылған саны ұсынылғаннан аз болса).

67

Сәбилер терісінің қорғаныс жүйесі әлсіз болғандықтан күннен қорғайтын компоненттер ересек адамның 



терісіне  қарағанда  баланың  терісіне  әлдеқайда  жеңілірек  енуі  мүмкін.  Балалар  үшін  химиялық  күннен 

қорғайтын  кремдерге  балама  ретінде  физикалық  УК-сүзгілер,  соның  ішінде  мырыш  оксидінің  және  титан 

диоксидінің микронизирленген және нанонизирленген нысандары пайдаланылады. Физикалық сүзгілер МҚ 

бірнеше қабатқа ғана өтеді, бұл ықтимал тітіркенуді немесе сенсибилизацияны азайтады.

68

 Сонымен қатар 



олар балалар үшін тиімді және қауіпсіз болады.

69

,

70

Суға төзімділігі күннен қорғайтын құралдардың маңызды аспектісі болып табылады; сондықтан өнімдер 



көпшілігі ересектерге арналған өнімдерге ұқсас суға төзімді ингредиенттерді қамтиды (3-тарауды қараңыз). 

Күннен  қорғау  құралдарын  жасау  технологиясы  ересектерге  арналған  күннен  қорғау  құралдарының 

технологиясына ұқсас. Сәбилерге арналған күннен қорғайтын құралдар аэрозольдер, кремдер мен лосьондар, 

бүріккіштер сияқты мөлшермен шығарылатын нысандарда және таяқшаларда қолжетімді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1060   1061   1062   1063   1064   1065   1066   1067   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет