Ескерту жазбасы:
Тұтынушы өнімді пайдаланар алдында білуі тиіс өнімнің құрамы, қауіпсіздігі және
сақталуы туралы маңызды ақпаратты қамтитын өнім заттаңбасындағы жазба.
Заттаңба:
косметикалық құралдың қаптамасында немесе қаптамаға бекітілген немесе өнім бар қаптамаға
қосылған ақпараттың жазбаша, баспа немесе графикалық бейнеленуі.
Ингредиенттер декларациясы:
Косметикалық өнімнің заттаңбасындағы ингредиенттер тізімі.
КИХН бойынша атаулар:
АҚШ, Қытай, Жапонияны және Еуропаның көптеген елдерін қоса алғанда,
бірқатар елдерде косметикалық өнімдердің заттаңбасында косметикалық ингредиенттерді белгілеу үшін
қолданылатын стандартты атаулар. Олар ингредиенттердің химиялық атауларынан жиі ерекшеленеді.
КИХН:
Косметикалық ингредиенттердің халықаралық номенклатурасы.
Қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық:
Өнімнің қалай қауіпсіз пайдаланылуы тиіс екенін көрсететін
98
өнім заттаңбасындағы мәлімдемелер.
Достарыңызбен бөлісу: |