Консервант тиімділігі
Бұрын айтылғандай, косметика толығымен микроағзалардан бос болмауы
керек. Алайда олар патогенді (яғни ауру тудыруы мүмкін) микроағзалардан бос болуы тиіс, ал патогенді емес
микроағзалардың саны төмен болуы тиіс. Сондықтан олар құрамында бір немесе бірнеше консерванттары
бар барабар консервіленген өнімдер болуы тиіс. Консервант тиімділігі өнімде пайдаланылатын барлық
ингредиенттерге, сондай-ақ қаптамаға байланысты. Демек, консервант тиімділігі жеке ингредиенттердің
негізінде болжануы мүмкін емес. Пайдаланылатын консерванттар өнімдерді сақтау және микроағзалардың
өсуін болдырмау үшін қолайлы екеніне кепілдік беру үшін компаниялар ақырғы құраманы ауқымды
микробиологиялық сынақтан өткізеді.
Өнімдердегі микроағзалардың рұқсат етілген мөлшерінің жалпы қабылданған стандарттары жоқ;
сондықтан уақытша ұсыныстар пайдаланылады. Көз айналасындағы аймаққа арналған өнімдер үшін мөлшер
Достарыңызбен бөлісу: |