ультракүлгінге сезімталдығын арттыра алады. АГҚ терапиясының қосымша жанама әсерлерінің типі мен
дәрежесі пайдаланылатын ингредиенттердің типі мен концентрациясына байланысты, бірақ, әдетте, олар
күйдіру, бөртпе, пигментті өзгерістер, қабыршақтану және қышуды қамтуы мүмкін. Неғұрлым маңызды жанама
реакциялар көбінесе химиялық пилинг сияқты қабыршақтанудың ең жоғары деңгейін тудыратын өнімдермен
болады. FDA және CIR АГҚ қауіпсіздігін зерттеді. FDA сезімталдық қайтымды және АГҚ кремін пайдалануды
тоқтатқаннан кейін ұзаққа созылмайды деген қорытындыға келді. Олардың зерттеулерінде емдеуден соң, бір
аптадан кейін ультракүлгін сәулеленуге сезімталдықта терінің әртүрлі учаскелері арасында айтарлықтай
айырмашылық болған жоқ. Қосымша зерттеулер гликоль қышқылы тышқандардағы фотоканцерогенезге (яғни,
жарық әсерімен байланысты қатерлі ісік жасушаларының дамуы) әсер етпейтінін және салицил қышқылы
208
тышқандарда күннен қорғайтын (жарықтың әсерінен қорғау) әсері бар екенін көрсетті.
75
Қазіргі уақытта
FDA-да құрамында АГҚ бар жергілікті қолданылатын косметиканы таңбалау бойынша келесі ұсыныстар
бар: «Күнге күюдің алдын алу:
Бұл өнім құрамында альфа-гидрокси қышқылы (АГҚ) бар, ол сіздің терініздің
күнге сезімталдығын және, атап айтқанда, күйіп кету мүмкіндігін арттырады.
Күннен қорғайтын кремді
пайдаланыңыз, қорғаныс киімін киіңіз және осы өнімді пайдалану кезінде және одан кейін бір апта ішінде
күн астында болуды шектеңіз».
76
Оның мақсаты – тұтынушыларды әлеуетті қауіпсіздік проблемалары туралы
ақпараттандыру.
Косметикалық ингредиенттерді шолу бойынша сараптамалық топ АГҚ қауіпсіздігіне бағалау
жүргізді. Тітіркену қаупін азайту үшін, олар АГҚ концентрациясы 10%-дан аспауын, ал pH 3,5 болуын немесе
одан аспауын ұсынды.
Сонымен қатар, Косметикалық ингредиенттерді шолу бойынша сараптамалық топ
күнге сезімталдықтың артуын болдырмау үшін құрамында АГҚ бар өнімдерді жазуды және тұтынушыларға
күн сайын күннен қорғау құралдарын пайдалануды ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: