Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет430/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Пептидтер мен ақуыздар 

Косметикалар, соның ішінде жасартатын құрамалар құрамында ақуыздар мен 

пептидтер бар. Белгілі бір ингредиенттерді, соның ішінде бидай және сұлы ақуыздарын (өсімдіктерде), сондай-

ақ коллаген мен эластинді (жануарларда) табиғатта табуға болады. Өткен ғасырда косметикада сиырлардың 

құтыруын шақыру қабілетіне байланысты сиыр етінің ақуыздарын және сиыр мүшелері мен бездердің гормонды 

сығындыларын пайдалануға қатысты елеулі алаңдаушылықтар болды (медицинада сиыр құтыру синдромы, 

СҚС, деп аталады). Сиыр құтыру синдромы – бұл трансмиссивті губка тәрізді энцефалопатия ретінде белгілі 

(ТГЭ), үдемелі

 

дегенеративті неврологиялық аурулар тобына жататын, ірі қара малдың өлімге ұшырайтын 



ауруы.  «Ірі  қара  мал»  ауру  сиырларды  зақымдайтынын,  «губка  пішіні»  ауру  сиырдың  миы  микроскоппен 

қарағанда кеуекті көрінетінін білдіреді, ал «энцефалопатия» бұл ми ауруы екенін көрсетеді. СҚС тудыратын 

агент прион ретінде белгілі қалыпты жасушалық ақуыздың модификацияланған нысаны болып табылатыны – 

қазіргі уақытта қабылданған теория. СҚС малға берген етті-сүйекті жемдік ұн арқылы таралды деп саналады. 

СҚС жағдайларының басым көпшілігі (90%-дан астамы) Біріккен Корольдікте (Ұлыбритания) тіркелген, ал 

басқа орындар кейбір еуропалық елдерді қамтиды. АҚШ-та бүгінгі таңда тек төрт оқиға тіркелген.

78

 Адамдарды 



зақымдайтын ТГЭ, олардың ішінде классикалық Крейтцфельд-Якоб ауруы (КЯА) және нұсқалық

 

Крейтцфельд-



Якоб ауруы (нКЯА) бар. Классикалық КЯА өте сирек ауру болып табылады, ал соңғы екі онжылдықта нКЯА 

оқиғаларының үлкен саны негізінен Ұлыбританияда тіркелген. 

79,80

 СҚС агенттері бар жергілікті қолданылатын 



косметиканы зақымдалмаған, зақымдалған немесе қажалған теріге адамдағы нейродегенеративті ауруларға 

алып келуі белгісіз; алайда, бұл мүмкін емес.

 

Қандай да бір инфекциялардың алдын алу үшін ірі қара малдың 



кейбір материалдары АҚШ-та тыйым салынған ингредиенттер тізіміне енгізілген және косметика өндіру үшін 

пайдаланыла алмайды.

 

Оларға ми, көз, жұлын және басқалар сияқты белгілі бір қауіп органдарынан алынған 



ингредиенттер жатады. Сүт пен сүт өнімдері бұл тізімге қосылмағанын атап өткен жөн.

81

   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет