Косметика мен рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімдердің жіктелуі
Косметика мен рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімдер
әртүрлі
жіктелуі мүмкін
.
Олар мақсатты
топтар, дәрілік түр, құқықтық мәртебесі, қолдану беті, функциялары және басқа да көптеген тәсілдер
негізінде
жіктелуі мүмкін. Бұл бөлімде осы жіктеу жүйелеріне шолу жүргізілген (1.4-суретті қараңыз).
■
Мақсатты топтар
: Мақсатты топ немесе мақсатты аудитория косметикалық өнім немесе рецептісіз
дәрілік-косметикалық өнім бағытталған клиенттердің белгілі бір тобы ретінде анықталуы мүмкін.
Косметикаға арналған мақсатты топтар әйелдер, ерлер, жасөспірімдер мен балаларды қамтуы мүмкін.
Әйелдер қауымы жүкті әйелдер, афроамерикалық әйелдер, терісі сезімтал әйелдер, жас әйелдер және
қарт әйелдер сияқты кіші санаттарға бөлінуі мүмкін.
■
■ Дәрілік қалып:
Дәрілік қалып – бұл тұтынушылар өзқолына алып, сатып алып, пайдалана алатын
ингредиенттер қоспасының физикалық формасы. Косметика және рецептісіз дәрілік-косметикалық
өнімдер үшін қол жетімді әртүрлі дәрілік қалыптар осы тараудың 3-бөлімінде қарастырылады.
■
Құқықтық мәртебесі
: 1-бөлімде талқыланғандай, өнім мақсатты пайдаланылуы бойынша косметика,
дәрі-дәрмек немесе олардың комбинациясы бола алады. FDA космецевтика сияқты басқа өнім санаттарын
мақұлдамайтынын еске салайық.
■
Қолдану беті
: Қолдану бетін немесе қолдану аймағын косметикалық заттар немесе рецептісіз дәрілік-
косметикалық өнімдер жағылатын дененің беті ретінде анықтауға болады. Олар бет, ерін, қабақ, дене
мен қол терісін; бастағы, денедегі және
40
Target
group
Other
Function
Application
surface
Legal status
Dosage
form
Достарыңызбен бөлісу: |