Ойықтардың пайда болуы
Ойықтардың пайда болуы бұл жалынмен өңдеген кезде таяқшаның бетінде
пайда болатын ойықтармен (тесіктермен) сипатталатын құбылыс.
13
Бұның басты себебі қоспадағы немесе
жасау процесінде майдың өте аз көлемін пайдалануда. Таяқшан бірнеше күнге қалдырып, кейін жалынмен
өңдеп, құрылымын жақсартуға болады.
Жолақтардың пайда болуы
Жолақтардың пайда болуы таяқша бетінде дақтар мен алшақтықтардың, яғни
басқа түсті сызықтардың немесе жолақтардың пайда болуына жатады.13 Бұл проблеманың себебі жөнінде
бірнеше гипотеза бар. Бұған беті өңделген титан диоксидін үгіту де кіреді, оның салдарынан далаптың беті
зақымдалып, суланады. Бұл балауыз тәрізді қоспаның бетінде бөлшектердің жүзуіне әкеп соқтыруы мүмкін,
бұның салдарынан боялған бөлшектер де бөлінеді. Басқа бір теория бойынша бөлшектердің көлемі мен
олардың сулануға қабілеттілігі бұның басты себептері болып табылады.14 Тағы бір теория бойынша бұның
себебі далап қоспасының беткей кернеуінде. Осындай жағдайда оның құрамын өзгертуге тура келеді, бұл бір
мәселені шешіп, басқа мәселені тудыруы мүмкін.15
Булану
Далаптардың булануы таяқшалардың беттерінде май тамшыларының пайда болуын білдіреді. Бұл
араластырған кезде қоспаның жеке компоненттері арасындағы үйлесімсіздіктің және қоспаның теңдестірілмеуі
салдарынан, сондай-ақ майдың көлемі жоғары болғанда немесе құрамында балауыз бар қоспалардың майларды
еріту қабілеті төмен болғанда орын алады. Бұл мәселе өндіру немесе далап жасауға арналған қоспаны өңдеу
процесіне емес, тікелей қоспаның құрамына байланысты, сондықтан бұның шешімі өнімнің құрамын қайта
қарастыруда.
13
Достарыңызбен бөлісу: |