НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
1.
Көз бояуға арналған өнімдер жағылатын беттерге қабақтың сыртқы қабаты, кірпіктер және кірпіктердің
негізі кіреді.
2.
Нарықта қолжетімді өнімдердің бірнеше түрі бар, солардың ішінде кірпікке арналған тушь, көзге
арналған сүрме, қас қаламы, қабақ бояуы және көзден бояуды кетіруге арналған құрал. Барлық осы
өнімдер АҚШ-та косметика санатына жатады.
3.
Көзден бояуды кетіру ерекше сақтық шараларын талап етеді, себебі көз және көздің айналасы тітіркенуге
өте сезімтал болып табылады.
4.
Көз бояуға арналған өнім сапасына байланысты әдеттегі мәселелер сынғыштықты, жабысып қалуды,
жағылып қалуды, кеуіп қалуды, нашар өтелімдікті, қабаттануды, микробиологиялық ластануды, бітелу
мен бұзылып кетуді қамтиды
5.
Әдетте көз бояуға аналған өнімдер сапасын сынау барысында бағаланатын параметрлерге қатты
өнімдердіңмықтылығы, ұнтақтықоспалардың сусымалылығы, ұнтақтықоспалардың көлемді тығыздығы
мен сілкелегеннен кейінгі тығыздығы, жылтырауы мен өтелімдігі; суға төзімділігі, жағылуға төзімділігі,
түстің біркелкілігі және пигментттер шашырауы, тұтқырлық, pH, көз бояуға арналған сүрменің және қас
бояуға арналған сүрменің мықтылығы, түстер сәйкестігі, сақтандыру тиістілігі, сондай-ақ кремдер мен
гельдердің ағып кетуі, текстурасы және қаттылығы кіреді.
6.
Көзге арналған косметика адам ағзасы үшін аса қауіпті деп саналатын, өйткені ол көз бен көздің мүйізгек
қабығына тікелей байланыста болады.
Кіріспе
Бүгінгі күні көзге арналған косметикалық құралдар әйел макияжының ажырамас бөлігі болып табылады.
Олар көз айналасындағы нәзік теріге, қас пен кірпікке жағылады.
Бұл бөлімде адамның кірпігі мен қабағының негізгі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
қарастырылады. Сонымен қатар, көз бояуға арналған түрлі өнімдер, сондай-ақ олардың ингредиенттері,
дайындау технологиясы, тестілеу әдістері және қаптау материалдары талқыланады. Көзден бояуды кетіруге
арналған құралдарды қолдану мақсаты пайдаланушыларды сәндеу болып табылмаса да, олар көздің
айналасындағы нәзік тері аймағына қолданылады. Сондықтан олар да осы бөлімге енгізілген. Бұл бөлімде
көз бояуға арналған өнімдерге қатысты қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ көз бояуға арналған өнімдерге
тұтынушылардың жалпы талаптары талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |