Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Адамның қабағы мен кірпігінің анатомиясы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет626/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Адамның қабағы мен кірпігінің анатомиясы мен физиологиясы

Көз  бояуға  арналған  өнімдерді  негізгі  қолдану  беттері  қабақтың  сыртқы  қабатын,  кірпікті  және 

кірпіктің негізін қамтиды

. Қабақтың қызметі көз алмасын жергілікті жарақаттан қорғау болып табылады. 

Бұған қоса олар көзге жеткен кезде жарықты реттеуге, жастың қабығын қамтамасыз етуге, жастың берілуіне және 

көзді жыпылықтатқан кезде жасты көз бетінде (мүйізгек қабығы деп аталады) үлестіруге көмектеседі. Тұрақты 

түрде көзді жыпылықтату (минутына 20-30 рет) көзді құрғап қалудан қорғайды, көз жасын біркелкі түрде таратады. 

Механикалық тітіркендіргіштер (мысалы, құм түйіршіктері) жыпылықтау рефлексін тудырады.

1

 Адамдардың ұқсас 



құрылымдар деп санауға болатын жоғарғы және төменгі қабақтары бар; жалғыз айырмашылығы – олардың 

бұлшық еттерінің орналасуында.

2

 Сурет 4.9 адам көзінің анатомиясын көрсетеді. Қабақтың терісі адам денесінің 



ең жұқа тері (<1 мм). Ол негізінен беттің қалған терісіне ұқсас. Қабақтың сыртқы қабаты қоршаған ортамен 

байланыста,  ал  оның  ішкі  қабаты  көз  алмасының  бетімен  тікелей  байланыста  болады.  Қабақтың  сыртқы 

қабаты  қабақтың  терісінен,  тер  бездерінен,  кірпік  бездерден  (яғни  түрленген  тер  бездері),  май  бездерінен, 

бұлшықеттен және жүйке ұштарынан тұрады.

3

Қарапайым  эстетикаға  қоса  кірпіктер  біздің  көздерімізді  түрлі  қоқыстан  қорғайды,  бір  нәрсе  тікелей 



жақындаған кезде, көзді қорғап қалу үшін оны жабады. Кірпік терминалды шаш болып табылады, олардың 

түптеі  қабақта орналасады. Басқа терминалды шаш сияқты кірпік түкті шашқа (яғни, балалар мен ересектердің 

денесінің көптеген бөлігін алатын жіңішке шаштарға; шаштар түрі жөнінде толығырақ 5-тарауда талқыланады) 

қарағанда қалыңдау, ұзындау және пигменттелуі көбірек болады.  Адамның денесіндегі барлық шаш сияқты, 




304

кірпіктер  бірге  байланысқан,  өршіген  өлі  жасушалардан,  сондай-ақ  меланин,  минералдар,  липидтер  және 

судың аз мөлшерінен тұрады. Кірпік пен кірпік түптерінің кейбір ерекше қасиеттері бар, мысалы, олар әдетте 

жастың  келуіне  қарамастан  пигментін  жоғалтпайды  және  ағармайды.  Сонымен  қатар,  оларға  басқа  шаш 

түрлерін тұрғызатын arrector pili бұлшықеттері жетіспейді.

4

 Олар бастағы кейбір шаштың түсуіне себепші 



болатын андрогеннің әсеріне шалдықпайды. Үстіңгі қабақтағы және астыңғы қабақтағы кірпіктер бір-бірінен 

ерекшеленеді.  Үстіңгі қабақтағы кірпіктердің түптер саны екі есе көп, онда 100-150 кірпік болады, астыңғы 

қабақта кірпік саны екі есе аз болады.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет