Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


■  Көзден бояу кетіруге арналған құралдар



Pdf көрінісі
бет632/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Көзден бояу кетіруге арналған құралдар 

бояуды кірпік пен қабақтан кетіруге арналған. Ең танымал 

түрлері – кремдер, лосьондар және бояуды жоюға арналған үшін төсемдер. Оларға қойылатын негізгі 

талап – қабақтың және көз айналасындағы аймақтың нәзік терісіне сәйкес келуі тиіс.



Көз бояуға арналған өнімдер қалай әсер етуі мүмкін?

Әйелдер  көздерінің  тартымдылығын  арттыру  үшін  күнде  көз  бояуға  арналған  өнімдерді  пайдаланады. 

Дегенмен бұл өнімдер жеңіл, сондай-ақ ауыр

түрде тітіркенуге, қабынуға және терісі сезімтал болатын тұтынушылардың өзге де жағымсыз реакцияларға 

әкеп соқтыруы мүмкін. Мұнда көзге арналған түрлі косметикалық құралдарды пайдаланған және жойған кезде 

туындауы мүмкін негізгі проблемалардың қысқаша сипаттамасы беріледі.

■ 

Кірпік пен қасқа қою реңк беру – кірпік пен қастың түсін жақсарту үшін әлемнің барлық бөліктерінде 



қолданылатын  танымал  өңдеу  әдісі.  Алайда,  FDA  кірпік  пен  қасқа  тұрақты  түрде  реңктеп  жүру 

үшін  ешқандай  бояғыш  қоспаларды  мақұлдамағанын  білгеніңіз  жөн.  Осындай  процедуралар  үшін 

қолданылатын  бояғыштар  көздің  ауыр  жарақаттарына,  оның  ішінде  қабақтың  ісінуіне,  қабақтың 

қабынуыне,  көз  инфекциясына  және  тіпті  соқырлыққа  әкеп  соқтыруы  мүмкін.

9

  Пайдаланушылар 



шаштарының, қастары мен кірпіктерінің түсін бір-біріне сәйкес келтіру үшін, шаштарын бояған құралды 

қастары мен кірпіктерін бояу үшін жиі қолданады. Бірақ FDA шаш бояуларын тек бастағы шашты бояу 

үшін пайдалануға рұқсат етеді.



306

■ 

Сұйық тушьқа бактериялар, ашытқыш пен зең тез 



жұғады

. Дерматологтар тушьты 3 ай пайдаланғаннан 

кейін  оны  жаңасына  ауыстыруды  ұсынады.

10

  FDA  пайдаланушылар  кеуіп  қалған  тушьты  жібіту  үшін 



сілекейді  ешқашан  пайдаланбауы  тиіс  екенін  мәлімдейді,  өйткені  ауыздағы  бактериялар  тушьқа  түсіп, 

онда өсе бастайды, содан инфекция пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге өз тушын басқа біреуге беруге 

болмайды, өйткені басқа біреудің терісіндегі бактериялар ол үшін қауіпті болуы мүмкін.

11

■ 



Кірпік 

ұзарту

  қазіргі  уақытта  табиғи  кірпіктің  ұзындығы  мен  көлемін  ұлғайту  үшін  көпшілік 

қолданатын әдіске айналуда. Пайдаланушыларға дүкеннен сатып алуға болатын жасанды кірпік әдетте 

бірге сатылатын метакрилат негізіндегі желімдер арқылы ұсталады. Бұл желімдер көздің тітіркенуі мен 

қызаруына, аллергиялық реакцияларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін білу керек. Сондай-ақ жасанды 

кірпікті жою үшін қолданылатын еріткіш кейбір адамдарда аллергия тудырады.

12

 Сондықтан, кірпікті 



ұзартқан кезде абай болып, кәсіпқойларға барғаныңыз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет