Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Көз бояуға арналған өнімдердің әдеттегі ингредиенттері мен құрамы



Pdf көрінісі
бет636/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
Көз бояуға арналған өнімдердің әдеттегі ингредиенттері мен құрамы

Кірпіктерге арналған тушь 

Майлармен және балауыздармен араластырылған бояғыш пигменттер кірпіктің 

сыртқы көрінісін жақсарту үшін ежелгі заманнан бері қолданылған. Бүгінгі таңда кірпіктің түсі, қалыңдығы мен 

ұзындығы қабық құраушы ортада рұқсат етілген пигменттердің суспензиясы арқылы жақсартылады, оған әр түрлі 

ингредиенттер, мысалы, ұзартқыш ингредиенттер, қосылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта нарықта кірпікке арналған тушьтың екі негізгі түрі бар: престелген тушь және көпшілік қолданатын 

жартылай сұйық тушь

. Сонымен бірге оларды  суға төзімді және су өткізбейтін тушьтар деп  жікетуге болады. Суға 

төзімді тушь жағылып кетуге немесе жұғып қалуға төзімді, бірақ ол толығымен судан қорғай алмайды, өйткені оған 

су сіңуі мүмкін. Ал су өткізбейін деген өнім сынау барысында судың (терлеген немесе суда жүзген кезде) немесе көз 

жасының әсерімен жағылып кетпеген және жұқпаған дегенді білдіреді.

Кірпікке арналған қатты тушь 

Кірпікке арналған қатты тушь көз бояуға арналған алғашқы өнім ретінде 

1920-жылдары нарықта алғаш рет пайда болып, қазіргі уақытта да қолжетімді. Ол балауыз құрылымына ие 

болып, кірпікке аппликатордың суланған қаламымен жағылады; өнімді аппликатормен алу үшін қатты тушьты 

ысқылап, содан кейін қаламмен кірпікке жағады. Бұл үлгідегі өнімдер көбінесе суда езіледі, сондықтан оны 

жаққан адам жыласа немесе көзін уқаласа, тушь жағылып қалады. Бұл қатты тушьтың суланған щетка бетіне 

тиген кезде эмульсияға айналатын сабын/балауыз/пигмент негізіндегі қоспадан жасалатынына байланысты. 

Тиісті  қаттылық  пен  су  өткізбейтін  қабілетін  бақылау  үшін  бұл  материадардың  ара  қатынасын  өзгертуге 

болады. Балауыздар қатты тушьтың бетіндегі жылтырын ұлғайтады, ал сабын оның түрін көмескі қылады. Ең 

жақсы өнім құрамында сабын мөлшері төмен және тушьтың су өткізбейтін пленкасын қамтамасыз ету үшін 

балауыз бен басқа да майлы заттардың көлемі жоғары болады. Қатты тушьқа арналған негізгі ингредиенттерге 

глицерилмоностеарат және триэтаноламин стеарат сияқты сабындар; изопропилмиристат және ланолин сияқты 

жұмсартқыш заттар; карнауб балауызы және ара балауызы; пигменттер және антиоксиданттар кіреді. Қатты 

тушь әдетте ыстық балауыз бен сабын қоспасына пигменттер қосып, оны қыздырып, жақсылап араластыру 

жолымен  жасалады.  Қоспаны  суытып  үш  білікті  диірменге  салып,  үгітіп,  біртекті,  жылтыр  қылады.  Осы 

қоспаны металл не пластик құтыларға баспалап салады немесе балқытып, жылы қалыптарға құяды.



Сұйық тушь 

Кірпікке арналған суға төзімді сұйық тушьa (немесе басқаша крем-тушь деп аталады) әдетте 

балауыз, полимерлер, пигменттер және басқа да компоненттерден  тұратын O/W (май/су) эмульсиясы түрінде 



308

өндіріледі. Бұл қатты тушьқа қарағанда құрамында су болатын тушьтың жетілдірілген түрі. Судың көлемін 

пайдаланушы емес, өндіруші белгілейді.

Суды өткізбейтін сұйық тушьтар көбінесе сулы емес еріткіштерде үгітілетін балауыздар негізінде жасалған 

сусыз  қоспалар  болып  табылады.  Осынай  еріткіштер  оларға  судан  қорғау  әсерін  қамтамасыз  ете  отырып, 

сонымен  қатар  тез  кебуіне  көмектеседі.  Олар  кірпікте  судың  әсеріне,  жағылып  кетуге  және  жұғып  қалуға 

төзімді  болатын,  ұзақ  уақытқа  сақталатын  пленканы  қалыптастырады.  Тушьтардың  осы  түрінің  негізгі 

кемшілігі: олардың суға төзімділігі кірпіктен кетіруді қиындатып, көзден бояуды кетіру үшін арнайы құралды 

пайдалануды талап етеді.

Сұйық  тушьтың  он  екі  және  одан  да  көп  ингридиенті  болады;  бірақ осы ингредиенттерді бірнеше топқа 

бөліп жіктеуге болады. Мұнда ингредиенттердің осы әдеттегі түрлерінің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде 

олардың негізгі сипаттамалары, функциялары көрсетіліп, кейбір мысалдар келтіріледі. Суға төзімді және су 

өткізбейтін тушьтар ингредиенттерінің түрлері ұқсас болады, негізгі айырмашылық су өткізбейтін тушь сусыз 

еріткіштер мен сусыз шикізат негізінде жасалады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет