Өндірушілер әдетте
әрбір сипаттама үшін өз қолайлылық ауқымын орнатады. Алдыңғы бөлімдерде талқыланған тестер бұл
жерде талықланбайды.
Баспаланған өнімдер қаттылығы
Қабақ бояуға арналған қатты өнімдер оларды пайдаланған және тасымалдаған
кезде уатылудан, қабыршықтанудан және үгілуден қорғайтын жеткілікті тұрақтылыққа ие болуы тиіс. Бұл қасиеті
бойынша қатты өнімдердің қаттылығын бағалайды. Осы қасиетті зерттеу үшін екі түрлі сынақ бар.
■
Құлауға сынақ
жүргізілген кезде толтырылған құты оның соққыға төзімділігін зерттеу үшін жеткілікті
деп белгіленген биіктіктен стандартты бетке (әдетте ағаш немесе резеңкемен қапталған еденге)
түсіріледі. Уатылуға дейін құлау саны есептеліп, өнімнің сынаудан өтуі немесе өтпеуі туралы шешім
стандартты қабылдау талаптарына негізделеді. Бұл сынақ пайдаланушының өнімді кездейсоқ түсіруіне
ұқсас келтіріп өткізіледі.
■
Қатты өнімнің мықтылығын сынаудың басқа бір тәсілі 4.10-суретте көрсетілген. Сынақ Ену сынағы деп
аталады, ол далапқа пайдаланған сынаққа ұқсайды. Ине тәрізді зондбелгіленген күшпен енігзіліп, ену
қашықтығы тіркеледі немесе зонд белгілі қашықтықтан егізіліп, ену күші өлшенеді. Бұл тест өнімнің
үстінгі бетіне жақын орналасқан жағымсыз болып табылатын ауа қалташаларының болуын көрсете
алады.
Ұнтақтардың сусымалылығы
Толтыру барысында (сусымалы ұнтақ болғанда, түпкілікті контейнерді,
немесе престелген ұнтақ болса, престеу машинаның қабылдағышын) ұнтақты өнімнің соңғы көлемі бойынша
мөлшерленеді. Осы фактіні есепке ала отырып, сусымалылығы мен өнім тығыздығын бақылау жоғары сапалы
өнімге қол жеткізу үшін аса маңызды болып табылатыны мәлім. Сусымалылығы ұнтақтың белгіленген
көлемінің (мысалы, 100 мл) ағылу уақытына және оның тыныштық бұрышына қатысты өлшенеді (4.11-сурет):
бұрыш неғұрлым аз болса, сусымалылығы соғұрлым жақсарады; бұрыш неғұрлым үлкен болса, ұнтақтың
314
жабысқақтығы және ағылуға қарсылығы соғұрлым ұлғаяды
.
Көлемді тығыздық пен нығыздалған тығыздық
Сусымалы
Достарыңызбен бөлісу: |