Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет650/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Көзден бояуды кетіру 



Көзден бояуды кетіруге арналған өнімдер көз және көз айналасы тітіркенуге 



өте сезімтал болғандықтан ерекше сақтық шараларын талап етеді. 

Бүгінгі таңда нарықта көз макияжын 

кетіруге арналған үш негізгі құрал бар: ол май және су эмульсия негізіндегі тазартушы сүттер, ультранәзік 

беттік  белсенді  заттар  бар  су  ерітіндісі  түріндегі  тазартқыш  сулар,  сондай-ақ  макияжды  кетіруге  арналған 

ерітіндіні сіңіпа алған тазартушы төсемдер мен майлықтар.

Осындай өнімдерге келесі ингредиенттер қолданылады:

■ 

су сяиқты еріткіштер (суға негізделген өнімдерде)



■ 

минерал майы, изодецил олеат және циклогексасилоксан сияқты эмоленттер

■ 

полоксамер, сульфосукцинат және PEG-40 стеараты сияқты өте нәзік беттік белсенді заттар



■ 

глицерин сияқты ылғалдағыштар

■ 

карбомерлер сияқты қоюландырғыштар



■ 

динатрий фосфаты немесе триэтаноламин сяиқты pH буферлер

■ 

парабендер, 



DMDM

 гидантоин және йодопропинил бутилкарбаматы сияқты консерванттар

■ 

кальций динатрийі ЭДTA және лимон қышқылы сияқты хелаттық агенттер



■ 

бояғыш қосындылар; хош иістер; протеиндер және алоэ сығындысы мен қияр сығындысы сияқты табиғи 

сығындылар.

Көзден  бояуды  кетіруге  арналған  құралдар  ерітінділер  жасауға  немесе  эмульсия  құру  процесіне  сәйкес 

жасалады. Барлық суға езілетін ингредиенттер баяу араластыру арқылы суға шашыратылған/езілген, кейбір 

беттік белсенді заттар ыстық суда (40 

C

) езілуі мүмкін. Консерванттар мен беттік белсенді заттарды да су 



қоспасына қосуға болады. Май қоспасы жақсылап араластыру және эмульсия жасау процесін аяқтау үшін 

араластыру талап етілген кезде ең соңғы кезеңде қосылады. Қажетті болса, pH деңгейі реттеледі.  



Арнайы ескертулер 

Көз аймағының сезімталдығы мен оған деген ерекше талаптарды ескере отырып, көз 

макияжын  кетіруге  арналған  құралдарды  қолданған  кезде  назарға  алынуы  тиіс  кейбір  факторлар  бар.  Көз 

макияжын  кетіруге  арналған  құралдардың  рН  деңгейі  аз  сілтілі  болатын  адам  көз  жасының  рН  деңгейіне 

жақын болуы тиіс, рН = 7,4 (қалыпты диапазон 7,3-7,7 аралығында).

1-22


 Сондықтан көз макияжын кетіруге 

арналған құралдардың бірдей рН орнату үшін тиісті ингредиенттері болуы тиіс.

Бұған қоса, өнімдер құрамында, ыңғайсыздық пен тітіркенуді болдырмау үшін көз жасымен изотоникалықты 

орнату қажет болса (яғни өнімнің физиологиялық ерітіндісінің шоғырлануы жас шоғырлануына тең болуы 

тиіс), сергітетін агенттер болуы тиіс. Көз жасындағы осмотикалық қысым натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісіне 

баламалы болады.

23

 Атап өту керек әдетте көздер 0.5 – 1.8% ерітінділерге шыдай алады. Дегенмен осындай 



өнімдерді құрған кезде ең оңтайлы мәнін есте сақтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет