СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?
Бетке арналған бояғыш косметикалық құралдардың тиімділігін теріге
жаққан кезде әркез бағалау керек. Әзірлеушілер осы тест үшін білектің ішкі
жағын жиі пайдаланады. Мұның себебі: пигменттің жұқа пленкасының
түсі табиғи жағдайда көргенде өнім беретін әсерден өзгеше болуы мүмкін.
Жұқа пленка түсінің әсері жасырын түс ретінде белгілі, ал көлемді әсер –
жалпы түс болып табылады. Өнімнің терідегі түсі пайдаланылатын ақ және
түсті пигменттердің мөлдір еместігіне, олардың бөлшектерінің мөлшеріне,
дисперсиялылық дәрежесіне, жағылған пленканың қалыңдығына,
ылғалдылығына, жағылатын беттің майлылығына және терінің түсіне
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |