3-БӨЛІМ БОЙЫНША ТЕРМИНДЕР ГЛОССАРИЙІ
ВВ крем:
Бетті ылғалдандыру, негіз құру, күннен қорғайтын және тіпті қартаюға қарсы сияқты көптеген
функцияларға арналған сәндік косметика құралы.
Бет далабы:
Бетке түс беруге арналған бояғыш косметикалық құрал.
Жағылып кетпейтін құрал:
Механикалық түрде сүртілуге төзімді құрал.
Крем-опа құралы:
Крем түріндегі сәндік косметикалық құрал, ол жағылған кезде майда бөлшекті ұнтаққа
айналады.
Қос әсерлі өнім:
Ылғалды немесе құрғақ губкамен жағуға болатын шағын ұнтақ түріндегі сәндік косметика
құралы.
Майды бақылағыш өнім:
Беттің майлы жылтырлығын азайтуға арналған; құрамында тальк, каолин және
крахмал сияқты майды сіңіп алатын ингредиенттер бар өнім.
Майсыз өнімдер:
Май компоненттерінің болмауын белгілеу үшін өнім заттаңбасында жиі қолданылатын
термин. Бұл терминнің стандартты анықтамасы жоқ. Кейде бұл құрамда минералды майдың болмауына
қатысты; басқа жағдайларда бұл "май"сөзі бар ингредиенттердің болмауына қатысты қолданылады.
Минералды опа:
Сусымалы бет опалары үшін жиі қолданылатын термин.
Негіз құралы:
Біркелкі түсті жасау үшін әзірленген, теріге арналған негізгі жабынды қамтамасыз ететін,
сондай-ақ терінің кез келген реңктегі бет түсін бір келкі қылатын сәндік косметика құралы.
Праймер:
Түссіз немесе сәл боялған жартылай қатты косметикалық өнім, ол тері бетін тегістеуге және
макияж үшін негізді қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Тоналды крем:
Кішкентай көрінетін дақтар, безеулер, қара дақтар немесе көз астындағы қара шеңбер
сияқты терінің шамалы проблемаларын жасыруға арналған сәндік косметика құралы.
Шағын опа:
Престелген опа.
Достарыңызбен бөлісу: |