Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Лак  кетіруге  арналған  құралдар



Pdf көрінісі
бет735/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   731   732   733   734   735   736   737   738   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Лак  кетіруге  арналған  құралдар 

Бұрын  айтылғандай,  тырнаққа  арналған  кәдімгі  сұйық  лак  тырнақ 

пластинасында кебеді, шайырлар еріткіштердің ұшып кетуіне қарай тырнақ пластинасында шөгеді. Сондықтан, 

тырнаққа арналған лактың құрғақ пленкасына тырнаққа арналған лак құрамындағыдай еріткіштер қосылған 

кезде, шайырлар қайтадан еріткіштерде ериді. 

Лакты кетіруге арналған құралдар шайырды қайта еріту 

жолымен лакты алып тастайды

.

 

Бұл сұйық құрамды тырнақтан сүртіп тастауға болады.

Ингредиенттер

  Негізінен  лакты  кетіру  үшін  органикалық  еріткіштер  қолданылады;  мысалы,  ацетон, 

этилацетат, бутилацетат, метилэтилкетон, толуол және этанол. Калифорния этилацетат пен метилэтилкетон 

және  қауіпсіздігі

34

  бойынша  ацетонның  басқа  да  көптеген  баламаларын  пайдалануға  тыйым  салды.  Басқа 



Штаттар мен елдер де осындай іс-әрекеттерді қаррастыруда.

Лакты кетіруге арналған құралдардың барлық түрлерінің елеулі кемшілігі олар теріні құрғатады, көздің 

тітіркенуін тудыруы және тырнақтарды құрғақ және сынғыш етуі мүмкін. Олардың анық химиялық иісі бар 

және олар оңай тұтанады. Кейбір жағдайларда су

 

аз көлемде (10%-ға дейін) қолданылуы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда қолдану уақыты (кетіру уақыты), 




351

күтілгендей, көп болады. Бұл өнімдер тырнақтың айналасындағы теріге аз зиянды.

Еріткіштерге  қосымша  лакты  кетіруге  арналған  құралдар,  әдетте,  еріткіштердің  сусыздануына  және 

сынуына  қарсы  әрекет  етуге  және  теріні  кондиционерлеуге  арналған  жұмсартқыш  құралдарды  қамтиды. 

Кейбір жағдайларда құрамына дәрумендер де енгізілуі мүмкін. Қосымша компоненттер ретінде органикалық 

еріткіштердің айқын иісіне қарсы әрекет ету үшін хош иістендіргіштер, препаратқа әлсіз түс беру үшін бояғыш 

қоспалар және консерванттар болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   731   732   733   734   735   736   737   738   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет