Тырнақ қатайтқыш:
Тырнақ пластинасында қорғаныс қабатын жасауға арналған косметикалық құрал; ол
тырнақтың қаттылығы мен беріктігін арттырады.
Тырнақ пластинасы:
Тырнақтың сыртқы көрінетін бөлігі. Бұл тырнаққа арналған лакты жағуға арналған
бет.
Тырнақ ылғалдатқыш:
Тырнақ қаттылығын арттыруға арналған жеке гигиена құралы, оларды
ылғалдайтын компоненттермен қамтамасыз етеді.
Тырнаққа арналған лак:
Тырнақты бояуға және эстетикасын жақсартып, оған тартымды көрініс беретін
бояғыш косметикалық құрал.
Уатылу:
Тырнаққа арналған лактың кесектерін жоғалтуын тудыратын сапа мәселесі.
Үйкелуге төзімділік:
Тырнаққа арналған лак пленкасының үйкеленуге төзімділігінің өлшемі.
Үстіңгі жабын:
Мөлдір лак тырнаққа арналған лактың үстінен жағылады. Ол қорғаныс қабатын қамтамасыз
етіп, лактың түсі мен сынуына жол бермейді, сондай-ақ жылтыратады және кебу уақытын қысқартады.
Формальдегид:
Жоғары реактивті газ. Оның су ерітіндісі байланыстырғыш қасиеттеріне орай жиі тырнақты
қатайту үшін қолданылады.
Шайыр:
Ингредиенттерді бірге ұстау және тырнаққа берік пленка құру үшін тырнаққа арналған лак
құрамында қолданылатын пленка құрағыш ингредиент.
Достарыңызбен бөлісу: |