Шашқа арналған жартылай тұрақты бояумен бояу механизмі.
қабаттарына енуге мүмкіндік береді. Шашты жуған кезде кутикула ашылады, бояғыштардың суға ерігіштігі
салдарынан уақыт өте келе түс кетіріледі.
Шашқа арналған типтік жартылай тұрақты бояудың құрамына бояғыш, сілтілегіш агент, еріткіш, беттік
белсенді зат, қоюландырғыш, тұндырғыш және су кіреді.
Әдетте шашқа арналған жартылай тұрақты бояулар лосьондар, сусабын, гельдер, кремдер
429
және мусс түрінде қолжетімді болады.
■
Сусабындарды әдетте шашқа жағып, 20-30 минутқа қалдырады. Осындай өнімдер үшін қоюлық өте
маңызды, өйткені тұтқырлығы төмен болған өнімдер бас терісінен ағып кетеді.
■
Бояғыш мусстар аэрозоль түрінде шығарылады. Оларды да дымқыл шашқа жағып, 20-30 минутқа
қалдырады, содан кейін жуып тастайды.
Жартылай тұрақты бояғыштар өзінің табиғи түсін қалпына келтіргісі келетін шашының 30%-на дейін
көлемі ақ болған адамдар үшін өте қолайлы.
32
Жартылай тұрақты бояғыштар аллергиялық контактілі дерматит
тудыруы мүмкін және FDA қағидаларына, нормативтік ескертулері мен нұсқауларына сәйкес қаптамада
қолданудың алдында теріге тест өткізу қажеттілігі көрсетілуі тиіс.
28
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Мыңдаған жылдар бойы қолданылған қына да жартылай тұрақты бояғыш
болып табылады. Ол табиғи қара шашқа қызыл реңктер қосады. Жақында
ғана қынаны түстердің кең ауқымын қамтамасыз ету үшін металл тұздарымен
біріктірді.
28
Шашқа арналған үдемелі бояғыштар
Шашқа арналған үдемелі бояғыш өнімдердің, немесе металл шаш
бояулары ретінде белгілі, құрамында шаштың өзегіне біртіңдеп шөгетін суда еритін металл тұздары бар.
Металлдар кутикулада цистеинге қосылып, металлдар сульфидтері пайда болып, олар біртіңдеп кутикулаға
жиналады деп саналады.
33
АҚШ-та ең жиі қолданылатын ингредиент бас шашын бояуға бояғыш қоспа ретінде
мақұлданған қорғасын ацетаты болып табылады. Тағы да бір мақұлданған бояғыш қоспа – висмут цитраты
айтарлықтай аз дәрежеде қолданылады. Шашқа арналған үдемелі бояулар шаштың түсін біртіндеп ақ түстен
сары-қоңыр және қара түстерге өзгертеді.
34
Тұрақты әсер ету үшін бұл өнімдерді үнемі қолданып жүру керек.
Шашқа арналған үдемелі бояулар арзан және үй жағдайында қолданылуы мүмкін, бұл олардың кеңінен
таралуына ықпал етеді. Алайда олар тотықтандырғыш өнімдер ретінде танымал емес. Кейде шашта қалған
металл бөлшектері ағартқыш немесе тұрақты бұйралау заттарымен өзара әрекеттесуі мүмкін. Сондықтан
шашты қайта бояу немесе бұйралау процедураларына
дейін оны шамалы өсіру керек.
35
Бұл өнімдерді әдетте
ер адамдар көп қолданады, өйткені олар шаштарын тұрақты түрде бұйраламайды және жиі қиып отырады,
сондықтан олардың жағдайында ықтимал зақымдау әсері төмендеу болады.
Достарыңызбен бөлісу: