адам денесіндегі ең қатты зат; ол тістің сыртқы ақ қабаты. Ол шайнаудың әсерінен пайда
бола алатын тістің тозуын болдырмайды. Гидроксиапатит түріндегі эмальдегі кальций pH5.5-те ери
441
бастайды. Жеміс шырындары мен басқа газдалған сусындардың pH осы деңгейден төмен екені белгілі.
Сол сусындарды көп ішудің салдарынан ауыз қуысындағы pH өзгеруі мүмкін және тіс кальцийі мен
фосфаттың химиялық түрде еруіне (яғни, минералсыздануына) әкеледі. Сілекей pH-ты нақты бір
деңгейге жеткізуі мүмкін, бірақ қышқылды сусындарды іше берген сайын минералсыздану әсері өсе
береді. Тамақтың арасындағы уақыт сияқты pH 7-ге жақын (бейтарап) қалыпты жағдайларда эмаль
минерал иондарын сілекейден қайта құрастырып ала алады (қайта минералдану) және тісжегі түсе
бастаған жерлер өзімен-өзі жөнделеді. Минералсыздану және қайта минералдану үдерістері 6.2 және
6.3-суреттерінде көрсетілген. Бұл үдерістер тіс эмалінің қаттылығы мен беріктігіне елеулі әсер тигізулері
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: