АУЫЗ ҚУЫСЫНА ЖӘНЕ ТІСКЕ АРНАЛҒАН ӨНІМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАРЫ
Тіс пастасы және ауыз шаятын құрал косметикалық қасиетіне және оның құрамындағы белсенді
заттарға байланысты косметикалық немесе рецептісіз сатылатын дәрмектер ретінде жіктелуі мүмкін.
Осы
өнімнің негізгі функциясы таза косметикалық артықшылықтар деп саналатын тістер мен ауыз қуысын
тазалау және жағымсыз иісті кетіру. Тісті ағартқыш та косметикалық қасиетке жатады; сондықтан «қарапайым»
ағартқыш өнімдер АҚШ-та косметика болып саналады. Ауыз щаятын құрал жағымсыз иіс болса, тыныс алу
кезіндегі иісті уақытша бақылауға (жасыруға) және ауыз қуысына балғындық беруге көмектеседі. Олар
жағымсыз иістің көзі болып табылатын бактерияларды алуды өлтірметіндіктен немесе химиялық жағымсыз
иіс шығаратын қосылыстарға әсер етпейтіндіктен, олар АҚШ-та косметика болып саналады. Тіс жіптері де
АҚШ-та косметикалық өнім болып саналады, себебі ол тістер мен тіс арасын тазалау үшін қолданылады. Дәрі-
дәрмектердің қасиетіне ауыз қуысының және стоматологиялық аурудың алдын алу және/немесе емдеу жатуы
мүмкін. Өнімдер косметикалық және дәрілік қасиеттерге ие болған кезде, мысалы, ағарту, қызыл иектің
қабынуының алдын-алу, олар АҚШ-та рецептісіз сатылатын дәрілік-косметикалық өнімдер болып саналады.
Құқықтық мәртебесіне қарамастан, негізгі өнім түрлерін анықтайық.
Достарыңызбен бөлісу: |