4-БӨЛІМ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Жауап нұсқалары бар сұрақтар
1.
АҚШ-тағы косметикалық өнім өндірісін реттеуге қатысты Төмендегілердің қайсысы ДҰРЫС?
а) АҚШ-тағы реттеу ЕО-дағы реттеу сияқты
ә) FDA өндірушілерге косметикалық ТӨТ ұстануға талап етеді
б) FDA-да косметикалық ТӨТ жөніндегі нұсқаулық бар және ол өндірушілерге оны ұстануға ұсынады
в) Өндірушілерге косметикалық ТӨТ ұстануға тыйым салады
2.
Төмендегілердің қайсысы косметикалық ТӨТ ұстанудың негізгі мақсаты болып табылады?
а) Барлық косметикалық компаниялардың VCRP-ға қатысуын қамтамасыз ету
ә) Косметикалық өнімдердің сапасына, қауіпсіздігіне және / немесе тиімділігіне әсер етуі мүмкін тәуекелдерді
азайту
б) FDA-ға косметиканы сату алдында қолдануды мақұлдауға көмектесу
в) Косметиканы сапалы және қауіпсіз тестілеу қажеттілігін жою
3.
Төменде аталғандардың қайсысы FDA-ның ТӨТ жөніндегі
нұсқаулығына ЖАТПАЙДЫ?
а) Ол талаптарға қалай сәйкес келетіні туралы нақты нұсқауларды қамтамасыз етеді
ә) Ол талаптарға қалай сәйкес келетіні туралы нақты нұсқауларды қамтамасыз етпейді
б) Ол орындалуы тиіс жалпы талаптарды қамтиды
в) Ол кез келген өндірушіге қол жетімді
4.
Төмендегілердің қайсылары Косметиканы реттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың мүшелері
болып табылады (ICCR)?
а) Жапония, Канада, Қытай, Еуропалық Одақ
ә) Жапония, Канада, АҚШ, Еуропалық Одақ
б) Канада, Біріккен Корольдік, Жапония, Еуропалық Одақ
в) Қытай, Канада, Құрама Штаттар, Еуропалық Одақ
5.
ISO 22716 деген не?
а) Косметикалық Тиісті өндірістік тәжірибе жөніндегі нұсқаулықты қамтамасыз ететін стандарт
ә) Косметикалық Тиісті өндірістік тәжірибе жөніндегі FDA нұсқаулығының тарауы
115
б) Халықаралық косметикалық саудадағы кедергілерді талқылауға арналған жыл сайынғы дүниежүзілік
кездесу
в) Жоғарыда аталғандардың ешқайсысы
6.
Ережелер…, ал стандарттар...
а) Ұсынылады / талап етіледі (міндетті)
ә) Ұсынылады / ұсынылады
б) Талап етіледі (міндетті)/ талап етіледі (міндетті)
в) Талап етіледі (міндетті)/ ұсынылады
Достарыңызбен бөлісу: |