Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


ТЕРІ КҮТІМІ ҚҰРАЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет203/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

3

ТЕРІ КҮТІМІ ҚҰРАЛДАРЫ

КІРІСПЕ

Тері күтімі құралдары косметика мен жеке гигиена құралдары арасында кеңінен қолданылатын өнім түрлері 

болып табылады. Олар көптеген жылдар бойы косметикалық нарықтың ірі секторы болды, дегенмен олардың 

нарығы  әлі  де  өсуде.  Бұрын  тері  күтімі  құралдары  негізінен  теріні  тазалау  және  ылғалдандыру  үшін 

қолданылған. Өткен жылдар ішінде шикізаттың жаңа түрлері мен озық технологияларды енгізудің арқасында 

жақсы жұмыс істейтін және косметикалық неғұрлым тартымды қасиеттерге ие түрлі инновациялық өнімдер 

әзірленген  болатын.  Бүгінгі  таңда  бізде  ылғалдандыру,  күннен  қорғау  және  қартаюдың  алдын  алуды  қоса, 

көптеген мүмкіндіктерді ұсынатын бірқатар өнімдер бар, олар тіпті кейбір тері күтімі мәселелерін болдырмауға 

және / немесе емдеуге көмектесе алады.   

Бұл тарау адам терісінің құрылымы мен оның негізгі функциялары туралы, сондай-ақ теріге жағылатын 

түрлі өнімдер туралы жалпы түсінік береді. Оларға ластануды тазарту мен теріден макияжды алып тастау, 

терінің  сапасын  жақсарту,  терінің  жастығын  сақтау  және  /  немесе  қалпына  келтіру  және  әртүрлі  тері 

ауруларының белгілерін ішінара жоюға көмек көрсету үшін пайдаланылатын өнімдер жатады. Сонымен қатар 

осы тарауда негізгі сипаттамалар, ингредиенттер, құрамалар технологиясы, теріні тазалауға арналған өнімдер, 

теріні ылғалдауға арналған өнімдер, ерекше тері проблемаларына арналған өнімдер мен күннен қорғайтын 

құралдар, сондай-ақ дезодоранттар мен антиперспиранттар үшін сынау әдістері мен буып-түю материалдары 

қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет