Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Жануарларға  тестілеу  жүргізілмеген  өнімдер



Pdf көрінісі
бет31/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Жануарларға  тестілеу  жүргізілмеген  өнімдер

  Заттаңбаларда  немесе  жарнамалық  хабарландыруларда 

«Жануарларға  тестілеу  жүргізілмеген»

 

және  «Жануарларға  тексерілмеген»  теминдері  жиі  кездеседі. 



Жануарларға  тестілеу  бүкіл  әлемде  өзекті  тақырып  болып  табылады.  Жануарларды  қорғау  жөніндегі  түрлі 

ұйымдар косметикалық өнімдерді жануарларға сынауға қарсы наразылық білдіріп, кейбір нарықтарда тестілеуге 

тыйым салынған. ЕО-да дайын өнім мен ингредиенттерді жануарларға сынауға тыйым салынған (бұл тестілеуге 

тыйым салу деп аталады). Сонымен қатар, дайын косметика немесе жануарларға тексерілген косметикалық 

өнімдер немесе құрамында жануарларға тексерілген ингредиенттер бар өнімдер маркетингіне 2013 жылдың 

11 наурызынан кейін тыйым салынған (бұл маркетингтік тыйым алу деп аталады).

26

  

АҚШ-та Азық-түлік, дәрі-дәрмек және косметикалық құралдар туралы заң арнайы қауіпсіздік косметикасын 



тестілеу үшін жануарларды пайдалануды талап етпейді. Дегенмен, агенттік косметика өндірушілерге олардың 

өнімдерінің  қауіпсіздігін  негіздеу  үшін  қолайлы  және  тиімді  кез  келген  сынақтарды  пайдалануды  ұсынады.

 

Осылайша, өндіруші ингредиенттердің де, дайын косметикалық өнімдердің де оларды сатуға дейін қауіпсіздігін 



негіздеу үшін жауапты. Бұл жануарларға тестілеу өнімнің қауіпсіздігін анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін 

дегенді  білдіреді.  Соңғы  онжылдықта 



ex

 

vivo

  (яғни,  сыртқы  жасанды  ортада  ағзаның  тіндерін  пайдалану 

арқылы зерттеулер) зерттеулері сияқты жануарларға сынақтарды алмастыру үшін балама әдістер әзірленді. 

Дегенмен, әртүрлі себептермен АҚШ-тағы ресми реттеуші органдар оларды әлі де қабылдамаған. Ең үлкен сын – 

адам тіндері жасанды ортада әрекет еткен кезде олардың күрделілігін қалпына келтіруге тырысу.  

«Жануарларға тестілеу жүргізілмеген»

 

және «Жануарларға тексерілмеген» теминдеріне келетін болсақ, олар 



үшін заңды анықтама жоқ. Сондықтан компаниялар бұл тіркестерді өз қалауы бойынша пайдалана алады. Олар 

жануарларға сыналмаған өнімдер үшін осы терминдерді пайдаланса да, олар бірнеше жыл бұрын алғаш рет 

енгізілген кезде, шикізат жануарларға тексерілген жоқ дегенді білдірмейтінін атап өткен жөн. FDA-ға

 

сәйкес, 



«косметиканы  өндіруші  тек  осы  шикізаттарды  пайдалана  алады  және  өнімдер  жануарларға  тестіленбеген 

деген  өз  мәлімдемелерін  материалдар  мен  өнімдер  қазіргі  таңда  жануарларға  тестіленбеген  деген  фактіде 

негіздей алады».

27 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет