Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет324/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Көбік тұрақтылығы 

Көбіктер термодинамикалық тұрақсыз жүйелер болып табылады және теріні тазалауға 

арналған өнімдерден түзілетін пішіндер ұзақ уақыт бойы тұрақты болуы тиіс емес. Тұтынушылар ваннаға 

арналған көпіршіктерінің құрамасы көбік түзіп, оны ұзақ уақыт бойы (мысалы, 10-15 минут)

 

сақтайды деп 



ойлайды; алайда, бұл басқа көптеген құрамалар үшін негізгі талап емес.  

Көбік  тұрақтылығын  көбіктің  бүлінуге  немесе  қирауға  төтеп  бере  алу  қабілеті  деп  сипаттауға  болады. 

Көбіктің тұрақтылығы мен төзімділігі көпіршіктің көлеміне, газ фазасының бір көпіршіктен екіншісіне немесе 

көбікті қоршайтын көлемді газ фазасы диффузиясына; көпіршіктер қабырғаларының әлсіреуі және олардың 

бірігуіне; және тез күйреуге әкелетін көпіршіктер арасындағы сұйықтықтың гидродинамикалық дренажына 

байланысты.  Беттік  белсенді  зат  молекулаларының  болуы  бұрын  сипатталған  факторлардан  көпіршік 

қабырғаларын  нығайтуда  маңызды  рөл  атқара  алады.  Мысалы,  мұндай  молекулалар  сұйықтық  ағынынан 

туындаған қосымша салмақ пен қысымға төтеп бере отырып, көпіршіктердің көлемді тұтқырлығын арттыра 

алады.

65 


Көбіктің  тұрақтылығын  анықтаудың  жалпы  әдісі  –  уақытқа  байланысты  көбік  биіктігін  анықтау  және 

көбіктің жартылай ыдырау кезеңін есептеу. Жартылай ыдырау кезеңі түзілген көбік оның бастапқы көлемінің 

жартысына жету үшін қажетті уақыт ретінде анықталуы мүмкін. Көбік түзуге бұрын сипатталған әдістерді 

қоса алғанда, әртүрлі тәсілдермен қол жеткізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет