Көбік құрылымы
Сұйық көбіктегі сұйықтықтың көлемдік үлесі көбіктің құрылымына әсер ететін ең
маңызды параметр болып табылады. Электр өткізгіштікті, аз қуатты жарық микроскопияны, электрондық
микроскопияны немесе бейне микроскопияны қоса алғанда, көбік құрылымын анықтаудың әртүрлі әдістері
бар.
Ваннаға арналған бомбалардың қаттылығы
Қаттылық – қаптама мен жеткізуге әсер ететін ваннаға
арналған бомбалардың маңызды факторы. Қаттылық – қатты өнімнің сынуға немесе бұзылуға қатысты
салыстырмалы тұрақтылық өлшемі. Ваннаға арналған бомба сынау барысында өлшеу бетіне орналастырылады,
оған тұрақты жылдамдықпен соққы құралы түседі (3.12-сурет). Бомба жарылатын күш ыдырау немесе бұзылу
күші деп аталады. Қаттылық, әдетте, ыдырау / еру уақытына кері пропорционал, өйткені таблетка неғұрлым
қатты болса, оны аз бөлшектерге ыдыратуға және суда ерітуге соғұрлым көп уақыт қажет. Екінші жағынан,
егер қаттылық тым төмен (яғни, ваннаға арналған бомба тым жұмсақ) болса, ол тиеу-түсіру жұмыстарына,
буып-түюге және тасымалдарға шыдамауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |