Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Тері ылғалдандырғыштарын пайдалану тарихы



Pdf көрінісі
бет354/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Тері ылғалдандырғыштарын пайдалану тарихы

                        

Теріні ылғалдандыру тарихта сұлулық пен гигиенаға қосымша ретінде қарастырылды. Өнімдер Мысырда

2



сондай-ақ ежелгі Греция мен Римде көне қорымдарда табылған.



3,4

 Түрлі липидтерді, майларды, балауыздарды, 

сондай-ақ  жануарлар  майларын  бет  пен  денеге  жағудың  мақсаты  теріні  ауа  райының  қолайсыздығынан 

(мысалы,  жел  мен  суық)  қорғау,  сондай-ақ  терінің  құрғақтығын  болдырмау,  оны  жұмсартып,  әжімдердің 

түзілуін  баяулату  болды.  Қолданылатын  ылғалдағыштардың  типі  әртүрлі  географиялық  нүктелерде  қол 

жетімді табиғи ингредиенттерге байланысты. Танымал ингредиенттер қатарына авокадо майы, пальма майы, 

зәйтүн  майы,  күнжіт  майы,  қара  тұқым  майы,  маргоза  тұқымының  майы,  итмұрын  майы  және  жануарлар 

майлары кірді. Тіпті Киелі кітапта зәйтүн майы мен дәмдеуіштерден алынған лосьондар терінің тегістігі мен 

серпімділігін сақтау үшін қолданылғаны жайлы айтылады.

Зәйтүн майы ежелгі гректерде танымал ингредиент 



болды. Ежелгі Олимпиада зәйтүн майымен жағылған ерлер арасында өткізілді. Ежелгі уақытта спортшылар 

жаттығуларға  дайындалу  үшін  денесіне  зәйтүн  майын  жағып,  содан  кейін  ұсақ  құм  сепкен  болатын. Бұл 

комбинация дененің температурасын реттеуге көмектесіп, күннен қорғайды деп есептелді.

Ежелгі грек және 



рим әйелдері қартаюға қарсы ингредиенттер ретінде нан мен сүтті қолданды. Ежелгі Римдегі белгілі дәрігерін, 

Галенді, суық крем құрамасының бастамашысы деп есептейді (яғни, С/М типті эмульсия). Ол ара балауызы 

мен зәйтүн майы қоспасына қаншалықты қосуға болатын суды қосты. Өнім теріге салқын және ылғалдану 

сезімін берді.

7

 Көптеген ғасырлар бойы көптеген өнімдер ваниль, қалампыр, лимон, бал, сондай-ақ майлар мен 



балауыздар сияқты табиғи ингредиенттерді пайдалана отырып үйде жасалған.

Елизавета  патшайым  жастықты  сақтау  және  әжімдердің  алдын  алу  үшін  наурызгүл  кремін  қолданды.

8

 

Содан бастап крем өте танымал болды.



19  ғасырда  дәріханалар,  содан  кейін  өндірістік  кәсіпорындар  қолдан  жасалған  өнімдерді  өндіру  үшін 

шикізат өндіріп сатқан. Кейінірек олар толық құрамдарды шығара бастады. Чезбро атты химик 1800 жылдардың 

ортасында  Пенсильванияда  ең  жиі  қолданылатын  ингредиенттердің  бірі  –  мұнайлы  вазелинды  тапты.  Ол 

жабысқақ зат мұнайшылардың проблемасын тудыратынын анықтады, себебі ол бұрғылау қондырғыларына 

жабысатын болған. Ол сондай-ақ, бұл затта кесу мен күйікті емдеу қабілеті бар екенін байқады. Бірнеше айдан 

кейін  ол  мұнайлы  вазелинді  пайдалануға  жарамды  түрде  сәтті  шығарып  алды.

9

  1870 жылға қарай Чезбро 



вазелин

®

 деп аталатын өзінің жаңа өнімін сата бастады. Содан бері ол құрғақ теріні емдеу; тіліктер, жаралар 



мен күйіктер емдеу; теріні қорғау үшін; және басқа да себептермен қолданылады.

Қарапайым  ылғалдағыштардың  бірінші  елеулі  жетілдірілуі  19  ғасырда  болды,  ол  кезде  тұрақты 

эмульсияларды  жасау  үшін  эмульгаторлар  әзірленді

.  Понд  1840-шы  жылдары  теріге  арналған  жаңғақ 




179

сығындысының тыныштандыратын және қалпына келтіру әсері бар алғашқы крем ұсынды.

10

 Силикон майлары 



20 ғасырда косметика мен жеке гигиена құралдарында қолданыла бастады; содан бері осы материалдарды

ң

 



пайдаланылуы  артты.

11

  Бүгінде  терінің  әртүрлі  күйлері  үшін  жүздеген  мың  түрлі  ылғалдағыштар  бар;  тазалау 



және ылғалдандыру функцияларын орындайтын аралас өнімдер де қол жетімді. Қазіргі уақытта альфа-гидрокси 

қышқылын (АГҚ) жасартатын құрал ретінде қолдану сияқты, көптеген өнімдерде белгілі бір себептер бойынша 

арнайы ингредиенттерді қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет