■
Кірпіктерді көтеріп қайыру
қазіргі заман трендтерінің бірі. Химиялық заттар арқылы көтеріп қайыру
бас шашын бұйралағандай ұзақ мерзімге әсер береді (бұл жөнінде толық ақпарат 5-тарауда). Ең алдымен
кірпіктерді жіңішке мақта түтікшесін айнала бұрайды. Содан кейін оларға рН деңгейі жоғары болатын
химиялық лосьон жағады, соңғысы кірпіктерге сіңіп, кірпіктер құрамындағы кератин ақуыз талшықтарды
біріктіретін дисульфидтік байланыстарды үзеді. Шамамен 10 – 15 минуттан кейін жоғары рН-ты басу
(бейтараптандыру) және мақта түтікшесін алып тастағаннан кейін байланыстарды кірпіктердің жаңа
күйінде қалпына келтіру үшін кірпіктерге бейтараптандырғыш құрал жағады.
Достарыңызбен бөлісу: |