арналған бояудан кейін жағылады. Жалпы олар қарындаш, сұйықтық, гель/крем түрінде және қатты түрде
қолжетімді.
пішімін бере алады және басқа өні түрлеріне қарағанда ұзағырақ сақталады. Құрамында еріткіштер арқылы
езілген бояғыштар болады, қалам тәрізді аппликатор арқылы жағылады. Қаптамадағы қалам ұшы өте майда
пигменттерді қамтитын өнімді сіңіп алады. Бұл сұйықтық капиллярлық қозғалыс арқылы аппликатордың
ұшына жеткізіледі.
Шығару нысаны бойынша көзге арналған сұйық лайнерлер су негізіндегі (суға төзімді) немесе сусыз негіздегі
(суға төзімді) қарқынды түрде пигменттелген, сондай-ақ құрамында тушьтарда пайдаланатындарға ұқсас
пленка құрғыш заттар бар эмульсиялар болып табылады. Эмульсия ағып кетпеуі үшін тұтқырлығы жеткілікті
болып, тегіс берік пленканы құрып тез кеуіп кету керек. Сондықтан құрамына әдетте қоюландырғыш ретінде
полимерлер қосылады. Олар өнімнің қабаққа жағылу қабілетін арттыратын қосымша артықшылықтарға ие.
Эмульсияны тушьқа қолданылатын эмульсияға ұқсатып жасауға болады.
Көз бояуға арналған лайнерлердің құрамындағы шикізат тушьтың құрамындағы шикізаттарға ұқсас, бірақ
тұтқырлығы аздау болады. Көзге арналған сұйық лайнерлердің әдеттегі ингредиенттеріне су сияқты еріткіштер;
310
глицерин; изододекан немесе полиизобутен сияқты көмірсутектер; ксантан шайыры сияқты қоюландырғыштар;
полисорбаттар, полиэтиленгликоль, лецитин немесе глицерилмостеар сияқты беттік белсенді заттар/эмульгаторлар;
балауыздар сияқты құрылымдайтын агенттер; пигменттер; пленка құрғыштар, мысалы, ПВП, акрил туындылары,
ПВС немесе ПВС/ПВС сополимері; және консерванттар кіреді. Бұл өнімдер суға төзімді сұйық тушьтарға
ұқсайтындықтан олардың жасалу әдісі де өте ұқсас болады. Қысқа сипаттамасын сұйық тушь туралы бөлімнен
қараңыз.
Қарындаш түріндегі көз бояуға арналған лайнерлер (Жұмсақ қарындаштар)
Көз бояуға арналған
қарындаштар ағаш немесе механикалық (пластик) корпустарда жеткізіледі. Соңғылары жұмсақ болып,
бояғыш затты аздап қысым арқылы жеткізеді. Қарындаш өзегі біркелкі түрде үлестірілген балауыздар, қатты
майлар, өсімдік майлар, пигменттер мен тана бөлшектерінен тұратын қоспа болып табылады (ерінге арналған
лайнерлер сияқты; осы тараудың 1-бөлімін қараңыз). Ерінге арналған лайнерлер сияқты қарындаштардың
жұмсақтығы пайдаланылатын ингредиенттердің көлемі мен түрлері арқылы өзгертіледі; мысалы, балауыздар
қаттылығының жоғары деңгейі, жоғары балқыту температурасы қарындаш өзегін қатты қылады. Қарындаш
өзектері әдетте ерінге арналған қарындаштарға ұқсас сығып шығару немесе құйма әдісімен жасалады.
Жұмсақтық маңызды айрмашылық болып табылатынын есте сақтау керек. Көз айналасындағы тері ерінге
қарағанда сезімтал болатындықтан, көзге арналған қарындаштар құрылымы жұмсағырақ болуы тиіс..
Қасқа арналған лайнерлер
Қас бояуға арналған лайнерлердің түстері әртүрлі болады: қарадан бастап қоңыр-
қараға дейін және қоңырдан көкке дейін. Ағаш қаптамадағы түрі немесе қарындаштар әдетте қаттылау, ал
пластик корпустағы лайнерлер жұмсағырақ болады. Қасқа арналған қарындаштар құрамы бойынша қаттылықты
ұлғайту үшін балауыздар көлемі жоғарылау болатын ерін бояуға арналған қарындаштарға ұқсайды. Қас астындағы
тері жоғары сезімтал аймақ болып есептелмейді, сондықтан қарындаштар қаттылау болады. Ингредиенттердің
толық тізімі ерінге арналған құралдар туралы осы тараудың алдыңғы бөлімін қараңыз. Жасалуы ерінге және көзге
арналған лайнерлерге ұқсас (сығып шығару немесе құйма әдісі).
Достарыңызбен бөлісу: