Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Шашқа арналған бояуларға қатысты АҚШ-тың қолданыстағы заңнамасы



Pdf көрінісі
бет900/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   896   897   898   899   900   901   902   903   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Шашқа арналған бояуларға қатысты АҚШ-тың қолданыстағы заңнамасы

1-тарауда  талқыланғандай,  АҚШ-та  бояғыш  қоспаларды  реттеу  өте  күрделі.  FD&C  заңына  сәйкес 

бояғыштарға  арналған  барлық  косметикалық  қоспаларды  FDA  мақұлдауы  тиіс,  және  осы  заңға  сәйкес 

құрамында  FDA 

алдын  ала  мақұлдамаған  бояғыш  бар  кез  косметикалық  өнімді  АҚШ-та  сатуға  тыйым 

салынады.

 Дегенмен құрамында тас көмір шайыры бар шаш бояуына қатысты осы қағидалардан ерекшелік 

бар.


Бұған  қоса  FDA  бояғыш  ингредиенттің  көзіне  байланысты  бояғыш  қоспаны  сертификаттаудан  өткізуі 

мүмкін.  Бұл  сертификаттаудың  мақсаты  халықтың  денсаулығын  қорғау  мақсатында  бояғыш  қоспалардың 

әрбір  өндірілетін  партиясының  бекітілген  ерекшеліктерге  сәйкестігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады. 

Мақұлданған бояғыш қоспалардың көпшілігі, соның ішінде сертификатталған, сондай-ақ сертификатталмаған 

бояғыштарға қатысты олардың пайдалану мақсатына орай шектеулер бар. Мысалы, қынаны көз айналасына 

немесе денеге пайдалануға болмайды; тек бас терісіндегі шашты бояуға рұқсат етіледі.

«Тас  көмір»  атауы  синтетикалық  бояғыштардың  түпнұсқа  көзінен  шыққан.  Алғашқы  синтетикалық 

органикалық бояғыштар табылған кезде олар «тас көмір бояғыштары» деп аталған, себебі олар алғаш рет 

көмірді  қайта  өңдеудің  жанама  өнімдерінен  алынған.  Бүгін  де  сертификатталатын  бояғыш  қоспаларды  әлі 

күнге дейін таскөмір шайыр бояғыштары деп атайды; алайда олар негізінен көмірден емес, мұнайдан алынған 

шикізаттан синтезделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   896   897   898   899   900   901   902   903   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет