Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


АҚШ-та шашты бояу үшін мақұлданған және мақұлданбаған бояғыш қоспаларды қолдануға болады



Pdf көрінісі
бет901/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   897   898   899   900   901   902   903   904   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

АҚШ-та шашты бояу үшін мақұлданған және мақұлданбаған бояғыш қоспаларды қолдануға болады.

■ 

Сертификатталған  және  сертификатталмаған  бояғыш  ингредиенттерді  қоса  алғанда, 



мақұлданған

 

бояғыш қоспалар, егер оларды пайдалану арнайы шектелмесе, шашты бояу үшін пайдаланылуы мүмкін. 



Шектеулерді FDA веб-сайтынан табуға болады.

■ 

Құрамында таскөмір шайыры бар шашқа арналған бояғыштар деп аталатын синтетикалық органикалық 




427

заттарды да шашты бояу үшін пайдалануға болады. Мұндай жағдайларда FDA-ның талап етуі бойыша 

этикеткада  арнайы  ескерту  болуы  тиіс.  Этикеткада  келесі  ескерту  пайда  болуы  тиіс:  «Абайлаңыз  – 

бұл  өнімде  кейбір  адамдарда  терінің  тітіркенуін  тудыруы  мүмкін  ингредиенттер  бар  және  алдымен 

қоса берілген нұсқауларға сәйкес тестілеу жүргізу керек. Бұл өнімді кірпікті немесе қасты бояу үшін 

пайдалануға болмайды; бұл соқырлықты тудыруы мүмкін».

21

 Бұған қоса этикеткада жоғарыда аталған 



алдын ала тестілеу үшін тиісті нұсқауларды қамтуы тиіс.

Бұл ерекшелік тек таскөмір шайырынан жасалған шаш бояуларына қатысты екенін атап өту керек; осылайша 

басқа көздерден алынған шаш бояулары осы қағидаға сәйкес келмейді

22

, сонымен бірге оларды шаш бояулары 



ретінде пайдаланар алдында FDA мақұлдауы тиіс. Егер құрамында таскөмір шайыр түсі бар шаш бояғышы бар 

өнімнің заттаңбасында жоғарыда келтірілген алдын ала қорғау және алдын ала тестілеу бойынша нұсқаулар 

көрсетілмеген  болса,  ол  әдеттегі  пайдалану  жағдайларында  зиянды  деп  танылса,  оған  реттеуші  шаралар 

қолданылуы мүмкін.

23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   897   898   899   900   901   902   903   904   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет