Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет942/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   938   939   940   941   942   943   944   945   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

флюороздың

 дамытуы. Тіс флюорозы - бұл эмальдің өзгеруі. Бұл өзгерістер әлсіз болса тісте ақ түсті 

дақтар пайда болады, ал асқынған кезде тіске дақ және ойықтар түседі. Тіс флюорозы ұзақ уақыт бойы 

азу тістері шықпай тұрып, кішкентай балалар кез-келген жерден тым көп мөлшерде фторды тұтынған 

кезде  ғана  пайда  болады.  Тең  8  жасқа  толмаған  балаларда  ғана  флюороз  пайда  болады,  өйткені  бұл 

кезде азу тіс әлі қызыл еттің атында.

35

 Азу тіс ауыз қуысында шыға бастаған кезде флюороз дамымайды. 



Флюороз көбіне фтор қоспаларын немесе құрамында фторы бар тіс пастасын жұтып қоюдан туындайды, 

олар  ішетін  судың  өзі  фторланған.  Нарықта  2  жастан  асқан  балаларға  арналған  кариеске  қарсы  тіс 

пасталары  бар.  Өйткені  6  жасқа  дейінгі  балалар  жұту  рефлексін  дұрыс  бақылай  алмайды  және  олар 

щеткасына салынған тіс пастасының біраз бөлігін жұтып қояды. Ата-аналар балаларға тіс пастасының 

кішкентай (бұршақтай) мөлшерін ғана щеткасына салып, оны жұтып қоймауын қадағалауы тиіс. Хош 

иісті тіс пастасын қолданбаған жөн, өйткені бала оны жұтқысы келіп тұрады. Фтуороз ауру емес екенін 

атап өту керек; ол тістің функциясына әсер етпейді. Тістерге түсетін дақтар мен ойықтар кетпейді және 

уақыт өте түсі қарая түсуі мүмкін; сондықтан флороз тек косметикалық тұрғыдан мәселе туындатады. 

Сыртқы көрінісін дақтардан тазарту және ағартқышты пайдалану сияқты процедураларды пайдаланып 

жақсартуға болады.

36

■ 

Тіс ағарту өнімдері бүгінгі күні өте танымал және тіс дәрігерлері тарапынан кез келген қадағалаусыз 



үйде кеңінен қолданылады. Түссізденуді жоюға көмектесуі мүмкін; алайда олардың жанама әсерлері де 

бар болуы мүмкін. Ағартқыш материалдар пломба материалдарына әсер етуі мүмкін, сонымен қатар, 

тістің түсі пломба немесе тіс қаптамасының түсіне сәйкес келмей қалуы мүмкін. Сонымен қатар олар 

сезімталдықты,  эмальдің  жойылуын,  мөлдірлікті,  эрозияны  және  қызыл  иекті  зақымдауы  мүмкін.

37

 

Сонымен қатар, ағарту және түсті өзгеруі сол түстің өзгеруіне себеп болған аномалияны емес, жай ғана 



сыртқы түсін ғана өзгертеді. Бұл бүркеу әсері тістің нақты жағдайына байланысты жоғалуына немесе 

басқа асқынуларына әкелуі мүмкін, өйткені түсі өзгертілген тіс емделмей қалуы мүмкін.

АҚШ-та  тіс  және  ауыз  қуысының  күтіміне  арналған  көптеген  өнімдер  бар.    Сондықтан,  тұтынушылар 

стоматологиялық  мәселелер  туындаған  ке

зде

,  әдетте  бір  нәрсені  сатып  алып,  өздері  емделуге  тырысады, 



дәрігерге бармайды. Бұл өнімдер уақытша көмек көрсете отырып, негізгі проблеманы жасыруы мүмкін екенін 

естен шығармаңыз. Егер тұтынушы ауыз қуысындағы жағымсыз иісті кетіру үшін  тіске арналған өнімдерді 




446

қолданып жүрсе, дәрігерге барып, сол иістің көзін анықтаған дұрысырақ болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   938   939   940   941   942   943   944   945   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет