Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Белсенді емес ингредиенттер



Pdf көрінісі
бет945/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   941   942   943   944   945   946   947   948   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
Белсенді емес ингредиенттер

■ 

Абразивті  заттар

  әдетте  ерімейтін  органикалық  емес  ингредиенттер  болып  табылады,  олар  тамақ 

қалдықтарын және тамақтан қалған дақтарды кетіру үшін тістерді тазалайды және ажарлайды. Абразивті 

заттарды таңдаған кезде олардың қаттылығын, қатаңдығын, химиялық инерттілігін және бөлшектердің 

мөлшері мен формасын ескеретін бірқатар факторлар бар. Абразивті заттар қызыл иекті, эмальды және 

дентинді зақымдамауы тиіс. Эмальдың қаттылығы Мос шкаласы бойынша 5, ал дентиннің мөлшері 3 - 4 

(бұл масштабта тальк 1, ал алмас 10-ға тең) болуы тиіс.

39

 Ең дұрысы абразивтің қаттылығы дентиннен 



және эмальдан төмен болуы керек. Тығыздығы абразивтің щеткамен тазалау кезіндегі күшке төтеп беру 

қабілетін білдіреді. Кейбір ингредиенттер абразив ретінде қолдануға тым қатты; алайда, олар щеткамен 

тазалағанда ұсақ бөліктерге бөлінсе, оларды да қолдануға болады. Абразивті заттар химиялық инертті 

болуы және қосымша ингредиенттермен үйлесімді болуы керек. Абразивтілігі мен тазалау қасиеттерінің 




447

дәрежесіне бөлшектердің мөлшері мен пішіні қатты әсер етеді. Үлкен бөлшектер аузда қатты сезінеді 

және эмаль мен қызыл иекті зақымдауы мүмкін. Бөлшектердің пішінін де ескеру қажет. Ең дұрысы, 

абразивті заттар қыры жоқ, дөңгелек пішінді болуы тиіс. Абразивті заттардың дақтарды кетіру қабілеті 

көбінесе  оның  пастадағы  мөлшерінің  жоғары  болуымен,  қаттылығымен  және  мөлшерінің  үлен 

болуымен арта түседі. Алайда, осы түрдегі абразивтілігі сыртқы күштерге, соның ішінде тіс щеткасына, 

оны қолдану күшіне және жеке тістің сипаттамаларына байланысты өзгереді.

• 

Тіс  пастасында  пайдаланылатын  абразивті  заттарға  мысалдар 



гидраталанған

  кремний;  кальций 

фосфаты,  мысалы:  дикальций  фосфаты  дигидраты  және  сусыз  дикалций  фосфаыт;  кальций 

карбонаты;  динатрий  пирофосфаты;  аллюминий  гидроқышқылы  (бірақ  соңғы  20  жылда  оны 

пайдалану айтарлықтай азайды); 

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Кальций негізіндегі абразивті заттарды натрий фториді бар тіс пасталарында 

пайдаланбаған  жөн,  өйткені  ерімейтін  кальций  тұзының  түзілуі  белсенді 

фторид  концентратын  арттыра  түседі.  Құрамында  кальций  бар  абразивті 

заттар  натрий  фторидіне  қарағанда  натрий  монофторофосфатпен 

үйлесімдірек.

40

және натрий бикарбонаты (ас содасы) кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   941   942   943   944   945   946   947   948   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет