Эпидермис – сыртқы әсерлерден қорғайтын терінің сыртқы қабаты.
Қабаттар 3.2-суретте бейнеленген.
Ол латын атауы бар бес негізгі келесі қабаттардан тұрады 3
,
4:
■
Stratum corneum (бұдан әрі – «SC»), басқаша эпидермистің мүйіз қабаты ретінде белгілі, өлі жасушалардан
жасалған, олар үздіксіз
Epidermis
Dermis
Эпидермис
Дерма
3.1-сурет
Адам терісінің базалық құрылымы.
түсіп, жанасатын қабаттағы жасушалармен алмастырылады. Бұл қабат басқа қабаттармен салыстырғанда
өте қалың болып келеді; ол өлі жасушалардың 15-30 қабаттарын қамтиды.
■
Stratum lucidum, жарық өткізетін немесе мөлдір қабат, тығыз оралған тегіс өлі жасушалардың 3-5
қатарлары бар.
■
Stratum granulosum, қурау бастайтын жаншылған кератиноциттердің 3 - 5 қабаттарынан тұратын
түйіршікті қабат. Бұл қабатта түйіршіктерді жасушаларда бақылауға болады, демек, атауы да осыған
байланысты.
■
Stratum spinosum, эпидермистің тікенекті
қабаты, құрамында 8-10 қатар жасуша бар. Бұл қабат липидтер
мен ақуыздар синтезіне жауап береді.
■
Stratum basale (немесе stratum germinativum), базальды жасушалар қабаты, жасушалардың бір қабатынан
тұрады. Бұл жасушалар жаңа кератиноциттердің пайда болуымен үздіксіз бөлінетін қабат. Меланоциттер,
Лангерганс жасушалары және Меркель жасушалары да осы қабатта орналасқан.
119
Stratum corneum
Stratum lucidum
Stratum granulosum
Лангерганс
жасушасы
Stratum spinosum
Меланоцит
Эпидермистің мүйіз
қабаты
Дерма
Stratum corneum
Stratum lucidum
Stratum granulosum
Stratum spinosum
Stratum basale
Dermis
Melanocyte
Langerhans cell
3.2-сурет
Эпидермистің негізгі қабаттары.
Эпидермис жұқа және қалың теріде қалыңдығымен ерекшеленеді. Қалың тері қолдың алақанында және
аяқтың табанында бар және ол барлық бес қабатқа ие. Дененің қалған бөлігін жабатын жұқа теріде stratum
lucidum жоқ және ол қалың теріге қарағанда жұқа SC-ға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |