Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Жергілікті қолданылатын қартаюға қарсы құралдардың құрамасы туралы ойлар



Pdf көрінісі
бет418/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Жергілікті қолданылатын қартаюға қарсы құралдардың құрамасы туралы ойлар

Теріге  жағылатын  көптеген  косметикалық  құрамалар  терінің  бетіне  жергілікті  әсер  еткендіктен,  терінің 

терең қабаттарына енуді талап етпейді. Теріге арналған тазалағыш құралдар кірді жояды, ылғалдағыштар SC-

ны ылғалдандырып, SC-ны липидтермен қамтамасыз етіп, оны тегістейді, ал косметикалық құралдар сыртқы 

түрін жақсартады, терінің реңін тегістейді және тері проблемаларын жояды. Басқа жағынан, көптеген қартаюға 

қарсы


 

құрамалар оңтайлы әсерлерге қол жеткізу үшін теріге (эпидермис пен дерманың терең қабаттарына) 

енуге қажетті құрамалардың мысалдары болып табылады.

Белсенді заттардың тері арқылы енуі оңай емес процесс. Біріншіден, белсенді заттар теріге ену үшін ерітілген 

күйде болуы тиіс. Теріге эмульсияны (көптеген косметикалық құралдар) қолданған соң, кейбір ингредиенттер, 

соның  ішінде  су  булана  бастайды.  Булану  тері  бетіндегі  эмульсияның  құрамы  мен  құрылымын  өзгертеді. 

Егер белсенді зат майлы фазада еритін болса, судың булануы пайдалы құбылыс болып табылады, себебі ол 

белсенді затты теріге жеткізуді жылдамдатады. Екінші жағынан, егер белсенді зат су фазасында еритін болса, 

судың булануы ерітілген күйде қалған, яғни «жеткізілетін» болып қала отырып, белсенді заттардың мөлшеріне 

айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда судың булану жылдамдығын барынша бәсеңдету үшін 

судың булануын баяулатқыштарды пайдалану қажет.

57 



205

Белсенді заттар тұрғысынан, теріге оның табысты жеткізілуіне әсер етуі мүмкін көптеген факторлар бар. 

SC липидті компоненттер есебінен липидті сипаттамалара ие. SC-пен салыстырғанда эпидермистің, сондай-

ақ дерманың терең қабаттарында суы көбірек. Ингредиент тасымалдаушыдан SC-ға еніп, тиімді болуы үшін 

SC арқылы өміршең эпидермис пен жоғарғы дермаға диффузиялануға қабілетті болуы тиіс. Осы молекуланың 

SC арқылы еніп, дермалы қабатқа түсу қабілетіне әсер ететін бірқатар факторлар бар. Екі ең маңызды ой – 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет