СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?
Нанометр (нм) микрометрден 1000 есе аз және миллиметрден 1000
000 есе аз. Наноөлшемді материалдарды жай көзбен көруге болмайды.
Нанобөлшектердің қаншалықты кішкентай екендігін түсіну үшін мына
мысал келтірілген: Еуропалықтың шаш диаметрі 50-90 мкм107, басқаша
айтқанда 50,000 - 90,000 нм. Тек бұл туралы ойланыңыз; лупаны қолданбай
шаштың енін жай көзбен көру қиын. Енді сіз нанометрдің қаншалықты
ұсақ екенін түсінесіз.
төндіретінін көру маңызды болып келеді.
Күннен қорғау өнімдерін қаптау
Күннен қорғау өнімдеріне арналған ең жиі қолданылатын орауыш материалдар мыналарды қамтиды:
■
Пластик бөтелкелер:
Күннен қорғау мен Күнге күюден кейінгі дайын өнімдердің көпшілігі пластик
бөтелкелерде, әдетте, қайырмалы қақпағы бар ыдыстарда шығарылады. Тұтқырлығы төмен кейбір
күннен қорғау өнімдері, сондай-ақ күнге арналған майлар сорғысы бар пластик бөтелкелерге құйылады.
■
Аэрозоль құтылары:
Аэрозоль күннен қорғау өнімдері аэрозоль құтыларға құйылады. Бұл бір компонентті
құтылар, онда құрама және отын бірге араласқан. Клапанды басқан кезде өнімнің кейбірі отынның
көмегі арқылы шығарылады. Спрей жүйесінің бұл түрі әлдеқайда кішкентай бөлшектерді шығарады.
Мультифазалық спрей саңылаулары дененің салыстырмалы түрде үлкен аймағын жабу арқылы тез және
249
оңай қолдану мүмкіндігін береді, сондықтан қиын жерлерге жете алады. Алайда, бұрын талқыланғандай,
жеткілікті қорғанысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті өнім қолданылатынына назар аудару керек.
■
Майлықтар:
Бүгінгі күнде тіпті күннен қорғау майлықтар да бар. Олар қолдануға дайын, алдын-ала
ылғалдандырылған құрамалар. Олар, әдетте, қайырмалы немесе жылжымалы қақпақтары бар жұмсақ
пакеттерге оралады. Кейде олар жеке-жеке оралып немесе пластиктен жасалған контейнерлерге (қолды
тазартатын майлықтарға ұқсас) орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |