СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?
Ерінді қайта-қайта сілекеймен сулау жарылған ерінге көмектеспей,
уақытша ғана жеңілдік береді. Ерінді сулағаннан кейін су терінің бетінен
ұшып кетіп, салқындатқыш әсер береді. Бұған қоса ұшып кететін су терінің
сыртқы қабаттарындағы суды өзімен бірге тартып алады. Сондықтан
ерінді қайта-қайта сілекеймен сулау керісінше кеуіп кету әсерін береді.
Ылғалдатқыш ингредиенттерді пайдалана отырып, құрғақтықтың алдын
алуға болады.
■
Соңғы зерттеулер ерін обыры әйелдерден гөрі ер адамдарда жиі кездесетінін көрсетеді.
9
,
10
Бұл
айырмашылық әйелдердің УК сүзгілері бар ерін далабы мен бальзамдарын кеңінен пайдалануымен
түсіндіріледі. УК сүзгілер күн сәулесінің әсерін бұғаттайды және оларды теріге енгізбейді. Өкінішке орай,
көптеген адамдар ерінді қорғау қаншалықты маңызды екенін білмейді. Сондай-ақ, осындай сәулелерден
қорғайтын өнімдерді пайдаланған кезде тиімді қорғау мен күтімді қамтамасыз ету үшін уақыт өткен
сайын оларды қайта қолданып отыру маңызды. Ерінге арналған бальзамдарды далаптың сауытындай
контейнерден немесе металл не пластик сауыттар мен құтылардан саусақпен жағуға болады.
■
Құрамында күн сәулесінен қорғайтын сүзгілер бар ерінге арналған бальзамдар
кәдімгі ұшықтың
қайта
шығуына жол бермейді, өйткені бұл вирус ультра күлгін сәулелерден пайда болады.
11
Вирустық инфекция,
яғни ұшық, болған кезде, ерінге алған бальзамды немесе далапты басқамен бөлісуге болмайды, өйткені
күлбіреудегі сұйықтық кепкенше, вирус жұқпалы болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: |