Қабық (кортекс):
Шаш өзегінің ішкі қабаты, кутикуланың астында орналасқан.
Лануго (үлпілдек шаш):
Адамның іштегі ұрығының немесе нәрестенің денесі мен аяқтарын жабатын өте
жұқа, жұмсақ шаш. Ол көбінесе адам туған бетте жоғалады.
Милық тін (медулла):
Шаш өзегінің ортасындағы ішкі қабаты, қабықтың астында орналасады, кейде
болмауы мүмкін.
Мықты байланыс:
Химиялық реакция нәтижесінде ғана жойылуы мүмкін шашта табылған байланыс
түрі. Мықты байланыстардың мысалы дисульфидті байланыстар болып табылады.
Телоген фазасы:
Шаштың өсу циклының ең соңғы фазасы.
Ұзын (терминалды) шаш:
Үлбір шашқа қарағанда көлденең қимасы үлкендеу болатын пигменттелген
шаш. Терминалды шаш бас терісінде, кеудеде (көбінесе еркектерде), аяқ пен қолда, қолтық астында
және қасағада орналасады, сондай-ақ арқада болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |