1-БӨЛІМ БОЙЫНША ТЕРМИНДЕР ГЛОССАРИЙІ
Анаген фазасы:
Жаңа жасушалар қалыптасатын шаш циклының белсенді өсу кезеңі.
Әлсіз байланыс:
Тіпті сумен де жойылуы мүмкін шашта табылған байланыс түрі. Әлсіз байланыстар
сутегі байланыстарын, тұз байланыстарын және Ван-дер-Ваальс күштерін қамтиды.
Катаген фазасы:
Анаген фазасының аяқталуын белгілейтін шаш өсу циклының өтпелі кезеңі.
Кеуекті шаш:
Құрылымы құнарсыз, жылтыр мен тегістігін жоғалтқан, зақымдалған шаш. Ол сұйықтықты
өте оңай әрі тез сіңіп алады және ұшталуға бейім болады.
Кутикула:
Жабылатын қабыршақтың бірнеше қабатынан тұратын шаш өзегінің сыртқы құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |