Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Қайызғаққа  қарсы  сусабындар



Pdf көрінісі
бет813/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Қайызғаққа  қарсы  сусабындар 

Қайызғақ  және  себореялық  дерматит  –  негізгі  күйі  бірдей  болып 

қарастырылатын, бірақ қабыршақтану және қабыну сияқты симптомдардың ауырлығына қарай ерекшеленетін

17

 



бас терісінің жиі кездесетін аурулары. Қайызғақ – себореялық дерматиттің жеңілдеу нұсқасы. 



Қайызғақ – 



бас терісінің ең көп таралған тері ауруларының бірі, ол

18

 



құрғақ қабыршақты дақтар түрінде көрінеді. 

Бұл жұқпалы емес.

Қайызғақ  жасушалардың  айналым  жылдамдығының  ұлғаюы  салдарынан  пайда  болады,  ол  қалыпты 

жылдамдықтан екі есе артық болуы мүмкін.

19

 28-30 күн ішінде базальды жасушалық қабаттан қайызғақпен 



мүйізді қабыққа қоныс аударудың орнына, тері жасушалары шамамен 2 апта ішінде мүйізді қабыққа жетеді. 

Қайызғақ  болған  кезде  тері  жасушаларын  қалыптан  тыс  тәртіппен  реттеледі,  осылайша,  олар  бас  терісіне 

жиналып,  содан  кейін  қабаттана  бастайды.  Бұл  айналым  деңгейі  ақылға  қонымды  және  қалыпты,

 

өлі 



жасушалардың түсуі көрінбейді. 

жасушалар саны көбейеді; оның салдарынан қабыршақтану жылдамдығын ұлғаяды. Жасушалар жылдам 

өңдегенде, олардың тиісті жетілу мен өлім үшін уақыты жетіспейді

20

; олар бір-біріне жабысып, теріден түскен 



кезде  көзге  көрінетін  ірі  агрегаттарды  құрайды  (5.6-суретте  көрсетілген  көрінетін  жиындарға  әсер  ететін 

факторларды қараңыз).

21

Қайызғақ қалыпты (құрғақ та, майлы да емес) шашта пайда болуы мүмкін. Кейде, егер бас терісі аса құрғақ 



болса, құрғақ терінің бөлшектері қайызғаққа ұқсайды. Дегенмен, қайызғақ майлы шашта жиі кездеседі.

22

 Ең 



көп таралған симптомдарға бас және иық терісіндегі сұр немесе сары майлы қабыршықтар, сондай-ақ қышу, 

қызару және қабыршақтану кіреді. Қайызғақтың нақты пайда болу себептері белгісіз. Ықтимал факторларға 

гормондар,  маусымдық  әсерлер  (жиі  қыста),  эмоциялық  стресс,  тері  майы,  терінің  жоғары  сілтілігі,  бас 

терісі окклюзиясы,

23

 және бас терісі мен иық терісінде анықталған әдетте 



Малассезия 

деп аталатын (бұрын 



Pityrosporum

 белгілі болған) ашытқы жатады.

24

 Бас терісі – бұл тері майының жоғары деңгейін шығаратын және 



шаштың физикалық жабынын үйлестіретін бірегей орта. Тиісті жағдайларда 

Malassezia 

ашытқы бас терісін 

отарлап, липидтер секрециясын күшейтетін жанама өнімдерді шығара алады.

25

 Бұл жағдайлар қабынуға және 



гиперпролиферацияны тудырады.

Қайызғақ  асқынған  ауру  емес,  косметикалық  проблема  болса  да,  ол  пайда  болған  кезде  шашқа  күтім 

қажет  болады,  себебі  ол  жағымсыз  симптомдарды  тудырып,  адамды  мазасыздандырып,  өзін-өзі  бағалауы 

мен сенімділігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

26

 Жеңіл қайызғақтың белгілерін, әдетте, қайызғаққа қарсы 



сусабынмен жуып, бас терісін мұқият тазалау арқылы бақылауға болады. Қайызғақ асқынып кеткен 


384

Increased

rate of cell

turnover


Increased

number of

cells

produced


Increased

rate of


exfoliation

New cells

cannot

appropriately



mature

New cells

form large

aggregates

Cells

become


visible

DANDRUFF

Жасушалар 

айналымы 

жылдамдығын 

арттырады

Өндірілген 

жасушалар 

саны 


ұлғаяды

Қабыр-


шақтану 

жылдам-


дығы 

ұлғаяды


Жаңа 

жасушалар 

дұрыс дами 

алмайды


Жаңа 

жасушалар 

үлкен 

жиындарды 



құрайды

Жасушалар 

көзге 

көрінетін 



болады

ҚАЙЫЗҒАҚ


5.6-сурет.

 Қайызғақтың дамуына көмектесетін негізгі факторлар.

кезде,  тұтынушылар  дерматологқа  қаралуы  тиіс.  Пациенттің  жасына  байланысты  (жас  жасөспірімдерде 

жиі кездеседі), емдеуді тоқтатқаннан кейін және қайызғақ қайта пайда болған соң жасушалардың айналымы 

қалыптан тыс жиілікке қайта оралуы мүмкін.

Қайызғаққа қарсы сусабын белсенді ингредиенттері бар негізгі сусабын болып табылады; сондықтан олар 

косметикалық  және  дәрілік  артықшылықтар  береді.  Олар  шашты  тазалап,  оларды  эстетикалық  тартымды 

күйде қалдырады. Сонымен қатар, олар қабыршақтануды азайтады, жасушалар айналымының жылдамдығын 

төмендетеді, сондай-ақ микробқа қарсы әсер етеді. Әдетте фармакопеялық баптардағы белсенді ингредиенттер 

мырыш пиритионын, кетоконазолды, тас көмір шайырын, салицил қышқылын, селен сульфидін және күкіртті 

қамтиды.

■ 

Мырыш  пиритионы  жасушалар  алмасуын  баяулатады  және  саңырауқұлақшаларға  қарсы  тиімді 



компонент болып табылады.

■ 

Күкірт және салицил қышқылы кератолитикалық әсер береді, бұл олар өлі жасушалардың кератинін 



ерітіп, көрінетін үлпектердің пайда болуын болдырмайды дегенді білдіреді. Сонымен қатар, күкірттің 

микробтарға қарсы қасиеттері бар.

■ 

Шайыр эпидермалды алмасу жылдамдығын баяулатады, сондай-ақ антисептикалық белсенділікке ие.



■ 

Кетоконазол  –  қабыршақтану  мен  қышуды  бақылайтын  саңырауқұлақшаға  қарсы  компонент  болып 

табылады.

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  қайызғаққа  қарсы  сусабындарды 

шаюға дейін шаш пен бас терісінде бірнеше минутқа қалдырған жөн.

27

Қосымша  ингредиенттері  бойынша  қайызғаққа  қарсы  сусабын  әдеттегі  («қайызғаққа  қарсы  емес») 



сусабындарға ұқсас. Ингредиенттер тізімін алдыңғы бөлімнен қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет