басқа да қоспалары бар беттік белсенді заттардың қарапайым ерітінділері болып табылады. Әдетте қосымша
385
ингредиенттерді қосар алдында қоюландырғышты алдымен суда толық ерітеді. Дисперсияны жеңілдету үшін
қоюландырғыш алдын ала глицерин сияқты сусыз сұйық ингредиентке езілуі, немесе суға тікелей қосылуы
мүмкін. Толық гидратациядан кейін суда еритін ингредиенттер қосылуы мүмкін, содан кейін барлық басқа
ингредиенттер енгізіледі. Егер қоюландырғыш ретінде натрий хлориді пайдаланылса, оның талап етілетін
қоюлығы әдетте тұз қисығының көмегімен анықталады (тұз қисығы туралы толығырақ ақпаратты 3-тараудың
2-бөлімін қараңыз). Кейбір перламутр қоспалар мен балауыздар бөлме температурасында қатты болады, демек,
пайдаланудың алдында қыздыруды талап етеді. Бастапқы беттік белсенді заттар мен көбік күшейткіштерін
көбікті асыра құрмау үшін абайлап қосу керек. Сусабын дайындауға арналған ыдыстар әдетте жабық типке ие
және көбіктендіргіштерді қосқан кезде шамадан тыс көбікті шығармау үшін вакуумға салынады.
Құрғақ сусабындар құрамы ұнтақты араластыру процесі болып табылады, ол әдетте бөлшектердің біркелкі
мөлшерін қамтамасыз ету үшін ингредиенттерді ұсақтаудан басталады. Қоспаны мұқият араластырғаннан
кейін, оларды гомогениздеу және бөлшектердің біркелкі өлшемін алу үшін електен өткізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: