Костоусова Анастасия «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Оқылым Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет2/3
Дата18.06.2020
өлшемі23,18 Kb.
#73887
1   2   3
Байланысты:
10 сынып 3 тоқсан СОЧ x

Оқылым

Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

А) Бейресми дерек көздерінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 43 млрд. тоннаға жуық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жинақталса, оның тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Елімізде қоқыс көп бола тұра, қоқыс өңдейтін зауыттар өндіріске жарамды шикізат таппай отыр дегенге сену қиын, бірақ бұл – шындық. Елімізде қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетінің жолға қойылмауы экологиялық әрі экономикалық ахуалға кері ықпалын тигізіп отыр.Әзірге республикамыздың түкпір-түкпірінде қоқыс полигондарын салып, қалдықтарды тау етіп үйгеннен әрі аса алмай отырмыз. Жердің өлшеулі екенін, ал кейбір қалдықтардың шіріндіге айналуы үшін жүздеген жылдар кететінін ескермейтініміз өкінішті-ақ... Әлемдік тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу қалай қалыптасқан? Мысалы, Швецияда қоқыс қалдықтары электр қуаты ретінде пайдаланылса, әлемнің ең таза елінің бірі саналатын Сингапурда қоқыстардың 90 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдердің бірқатарында қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату экономика дамуының қозғаушы күшіне айналып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мысалы, Германияда күлқоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, ал Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Әсіресе, Үндістанның 14 миллион тұрғыны бар. Мумбай қаласында шығарылған қоқысты пайдаға асыруға жергілікті тұрғындар аянбай атсалысып, тұрақты кәсіп еткен. Ал біздің елде қалдықты сұрыптап, жаңа өнімдер алу әлі күнге дейін табыс көзіне айналмай отыр.


Ә) Қазіргі әлемде жаһандану үдерісі қанатын жайып келеді. Жаһандану елдердің экономикасының, саясатының және мәдениетінің бірігуі арқылы жүзеге асады. Ол әлемдік жүйеге үлкен әсерін тигізеді.

Жаһанданудың ең көп пайда әкелетін саласы - экономика және индустриялық даму. Оған бірнеше себептер бар. Біріншіден, жаһандану халықаралық бәсекелестікті арттырады. Мысалы, қазіргі уақытта Қытай тұтынуы жоғары тауарларды өндіріп сатады да, осы ақшасына Жапониядан жоғары технологиялары сатып алады. Екіншіден, тауар өндіру масштабының ұлғаюы бағаның төмендеуіне әкеліп соғады. Оның басты себебі - өнімнің өзіндік құнының азаюы. Осының арқасында халықтың әртүрлі тауарлар мен қызметтерге қолы жетеді. Үшіншіден, дамушы елдерде қосымша жұмыс орындары ашылып, халықтың жұмыссызық деңгейі төмендеп жатыр. Мысалы, бүгінгі күні АҚШ - тың өнеркәсіптік компаниялары Африкада немесе Оңтүстік - шығыс Азиядағы дамушы елдерде өздерінің зауыт - фабрикаларын ашты.

6. Мәтіндердің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді анықтап, мәтіндердің құрылымын талдаңыз. [5]

А мәтіні




Ә мәтіні

публицистикалық стиль

Мәтіннің стилі

Ресми стиль

мақала

Мәтіннің жанры

мақала

мәтін тек негізгі бөлімнен тұрады

Мәтіннің құрылымы

мәтін тек негізгі бөлімнен тұрады

Мысалдар, қыстырма сөздер бар. Жалқы есімдер, сандық фактілер, пікір, оны дәлелдеу бар. Ауыспалы мағынадағы сөздер бар.

Жанрға тән ерекшеліктер

Мысалдар, қыстырма сөздер бар. Жалқы есімдер, пікір, оны дәлелдеу бар.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет