конструкциялық, декорациялық және декорациялы-конструкциялық сызықтар ретінде қарастыруға болады. Конструкциялық сызықтар - костюм бөліктері мен жеке көлемдердің қиысу сызықтары - фасонның негізі. Оларға қосылған тігістер, бедерлер, пішін мүшелендіру сызықтары жатады, осылардан пішін көлемінің өзгеріс- тері басталады - бүкпелері, кескінділері және тағы басқа. Декорациялы-конструкциялық сызықтар - екі қызметті біріктіреді - декорациялық және конструкциялық қажеттіліктер. Оларға жол кесте, бау, баукесте, тағы басқа арқылы безендірілген сызықтар жатады. Осындай жағдайда эстетикалық қызметті конструкцияның өзі атқарады. Декорациялық сызықтар - ешқандай утилитарлық-практикалық қызметті атқармайды. Бұл киімнің кестелеу жолақтары, шілтері, мережка, баулары, кестесі, таспасы сияқты әр түрлі әрлеу сызықтарының сызбалық сипатын құрайды. - Көлденең (горизонталь) сызықтар - бұйымның енділігін көрсете отырып, толықтық, тыныштық, тұрақтылық елесін береді. Киім силуэтінде негізгі бес көлденең сызықтарды ажыратады: иық, кеуде, бел, мықын, етек сызықтары.
- Тік (вертикаль) сызықтар - бұйымның ұзындығын көрсетеді, төзімділік, беріктік, негіздік әсерін береді. Мұндай сызықтар бойдың биіктігін, яғни бойшаңдықты көрсетеді. Негізгі конструкциялық тік сызықтар белдемше ұзындығын, арқа немесе шалбар ұзындығын, жең ұзындығын белгілейді.
- Қисық сызық - киімнің конструктивтік-композициялық сызықтарының ішіндегі ең бір бастысы, тек сол киімде ғана адам дене бітімінің кескін-келбеті анықталады, бұлар: белден - мықынға, белден - кеудеге тарайтын сызықтар, қолтық ойындысы. Қисық сызықтар киімнің жекеленген бөлшектерінде де кездеседі.
- Сынық сызықтар - жаға, қалта, жаға қайырмасы сияқты киім бөліктерінің конструкциясында жиі пайдаланылады.
- Аралас сызықтар — реглан, нымша, иініш конструкцияларында кездеседі.
- Диагональ сызықтар - әр түрлі тілікшелік бөлшектерге, бүрмеде, аяң киімде, киім бүкпесінде т.б. кеңінен қолданылады. Бірінен-біріне ауыса отырып, бұл сызықтар көлденең және диагональ сызықтардың қасиетіне ие болады, пішін мен көлемді бағыт сипатына қарай үлкейте немесе кішірейте алады
|